Ақтауда тұрғын үйдің 9-ыншы қабатында асылып тұрған қыз құтқарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат, lada.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлады.
Оқиға 28-інші шағын аудандағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.
«Қыздың жасы шамамен 18-де. Бойжеткеннің секіріп кеткісі келгенін көрген көршісі, оны құтқарып қалды. 30 қыркүйек күні болған жағдай», - деп айтып берді оқиға куәгері.
Айта кетейік, оқиғаның өзге мән-жайлары белгісіз.
Видеодан төмен құламақ болып, қолын босатқан қызды астыңғы қабаттың балконында тұрған адамның қағып алғанын көруге болады.
Фото: inform.kz