«Жалған полицей» ұсталды

Қазіргі таңда аталған жәйттер бойынша айғақты заттар тәркіленіп алынды.
Шымкент қаласында тәртіп сақшылары тонау мен алаяқтықпен айналысқан жалған полицейді құрықтады. Жуырда Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-не 30 жастағы жәбірленуші арызданған, ол дүкеніне белгісіз азамат кіріп келіп, өзін полиция қызметкерімін деп танысып, екі ұялы телефонын және сатуға қойған заттарын қорқытып, алып кеткенін көрсеткен. Аталған жәйт ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша Әл-Фараби ПБ-нің СДБТР-не тіркелді, деп жазады otyrar.kz.

Шымкент қ. Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының барысында оқиға орнында Шымкент қаласының 1983 ж.т. тұрғыны ұсталды.

Тергеу барысында «жалған полицейдің» тонау мен алаяқтықтың 4 жәйтіне қатысы бар екендігі анықталды. Атап өтсек, 34-жастағы ер азамат Шымкент қаласындағы көшелердің бірінен бір жасөспірім баладан смарт-сағатын алдап алып, белгісіз бағытқа бой тасалаған.

Қазіргі таңда аталған жәйттер бойынша айғақты заттар тәркіленіп алынды. Күдікті қамауда. ҚР ҚК-нің 191 «Тонау» және 190 «Алаяқтық» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

Фото: otyrar.kz
Следите за новостями zakon.kz в: