Алматыда көлік қағып кеткен аула тазалаушы ауруханада көз жұмды

62 жастағы ер адам жол сыпырып жүргенде көлік қағып кеткен.
Алматыда автокөлік астына түскен аула тазалаушы ауруханада жан тапсырды, деп жазады sputniknews.kz.

Саин көшесінде жолды сыпырып жүргенде, алпыс екі жастағы ер адамды көлік қағып кеткен. Ол ауыр хәлде ауруханаға түскен болатын.

Жүргізушінің айтуынша, көлік аула тазалаушыға жақындай бергенде, ер адам кенеттен артқа шегінген.

Фото: sputniknews.kz
Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: