Дихандардың алды гектарынан мың центнерге дейін өнім алып жатыр. Биыл Жамбыл облысында 9500 гектар жерге балтамыр егілген. Облыста қант қызылшасын жинауды Меркі ауданының диқандары бірінші болып бастады. Өнім мол, деп хабарлайжы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жергілікті шаруалар әр түбі 11 келі тартатын балтамыр жинап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.
-Сапасы жоғары. Зауыт қабылдауды енді ғана бастады. Бірінші керуенді әкеп өткіздік. Сол кезде анализдері шықты. Тазалығын тексерді. Жалпы ластануы 5 процент болып, қанттылығы 16 пайызға дейін жетті. Ол деген өте жоғары, -дейді "Сыпатай батыр" ШҚ-ның жетекшісі Қанат Шайхиев.
Биыл облыстан жиналған тәтті түбірдің барлығы Меркі қант зауытында өңделеді. Кәсіпорынға 1 миллиард теңгеге жаңа қондырғылар орнатылып, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Соның арқасында шығын азайып, сапаны арттыруға мүмкіндік туып отыр.
Нұржан Қарғабаев, Меркі қант зауытының директоры: -Қазір біз бразилиялық сырец қантпен істеп жатырмыз. Қазан айының ортасында зауытты тоқтатып, қант қызылшасын өндіреміз. 150 мың тоннаға жуық қант қызылшасын қабылдау жоспарда бар.
-Біздің облысқа 16-17 мың тонна қант керек. Түгел қамтамасыз ететін боламыз. Қазір шаруашылықтар қант қызылшасының пайдалы екенін түсінді. Қант зауыты 8 теңге, Үкімет 10 теңге төлеп бүгінгі күні 18 теңгеден ақшасын 20 желтоқсаннан бастап төлейтін болады,-дейді облыс әкімінің орынбасары Мәден Мұсаев.
Автор: Нұржан Мергенбай