ГАЗ-53 көлігінің жүргізушісі тапсырыс бойынша көмір алып бара жатқан. 10 жасар қыз телефонмен сөйлесе жүріп жолды кесіп өтпек болғанда көлік астына түсті. Ол жүк көлігін байқамаған. Оқиға болған жерде жүргіншілер жолағы жоқ. Куәгерлердің айтуынша, көлік жылдам жүрмеген. Бірақ көлікті тоқтатып үлгерпмепті, деп жазады stan.kz, YК-news.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
Қыз түрлі жарақаттарымен аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ол облыстық ауруханаға ауыстырылуы мүмкін.
Куәгерлердің болжамынша, оқыс оқиғаға қыздың салғырттығы мен жолды жауып қалған ағаш бұтақтары себеп болуы мүмкін.
Сараптама нәтижесінде, жүргізушінің қан құрамынан алкоголь анықталған жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Анна Сабельфельд