Ақтөбеде заңсыз жүрген 50 шетелдік елден шығарылды

Ақтөбеде Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер анықталды.
Ақтөбеде «Нелегал» жедел алдын алу шарасы өтті. Өңірде заңсыз жүрген 50 шетелдік елден шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер анықталды. Барлығы 381 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 50-і сот шешімімен елден шығарылды.

«Шетелдіктерді рәсімдеу ережесін бұзған 49 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына сәйкес рұқсат алмай, шетелдік жұмыс күшін пайдаланған 19 жұмыс беруші жазаланды. Олар еш құжат тіркемей өзге елдің азаматтарына жұмыс берген. Өзбекстан азаматы Қылмыстық кодекстің «Шығарып жіберу туралы шешімді орындамау» бабы бойынша жауапқа тартылады. Ол бес жыл Қазақстан аумағына кіру құқығынан айырылуы немесе 300 айлық есептік көшсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін»,- деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в: