Астанада 4 қазанда жоғалған он екі жасар қыз бен оның төрт жасар інісі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«Олар табылды, жағдайы жақсы. Балалар туыстарының үйінде болған, әпкесіне өздері барған», - деді балалардың анасы Әйгерім Бекетова.
«Еуразия» сауда орталығының маңында тұратын Жамал мен Асылхан 4 қазан күні үйден шығып, қайтып келмеген соң ата-анасы жан-жақтан іздей бастаған болатын.
Фото: Liter.kz