Қызылорда облысында үлкен көлемде қарасора егілген алқап әшкереленді. Есірткі егістігі Сырдария ауданының Шаған ауылына жақын маңда орналасқан, деп жазады Хабар 24 арнасы.
116 шақырымға қарасора егілген алқаптан 715 түп марихуана тәркіленді. Аталған қылмысты анықтаған «Дельта-Сырдария» арнайы бөлімі «Есірткісіз болашақ» жобасы аясында құрылған. Олардың қатарында оңтүстік аймақ бойынша үздік оперлер мен «Бүркіт» спецназдар жасағының өкілдері бар.
Жоба басталғалы бері есітркі өсірумен айналысқан 14 адам ұсталып, 7 қылмыскер іздеуде жүр.
Соңғы дерек бойынша тергеу жұмыстары басталды.
– Облыс прокуратурасы бұл жобаны қолға алған себебі аймақта соңғы жылдары есірткі қылмысы көбейген. Мысалы, 2016 жылдың өзінде оның саны 15 пайызға артқан. СПИД орталығы берген ақпаратқа сәйкес, өңірде есірткіге тәуелділер қатары жыл сайын 200 адамға толығып отыр, деп жазады Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Жасұлан Еламанов.
Фото: 24.kz