Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында құтқарушылар жоғалып кеткен аңшыны алтыншы тәулік бойы іздестіруде, деп хабарлайды sputniknews.kz.
8 қазан жексенбі күні, ер адам досымен бірге Қарасор көліне барады. Жолдасының айтуынша, аңшылар мінген қайық аударылып кетіп, олардың біреуі ғана жаға шыға алады.
Жоғалған ер адамды Краснопресненский, Каменскуральский елді мекендерінен жиналған жүзге жуық адам іздеу шараларын жүзеге асырып жүр. Олардың қатарында жергілікті құтқарушылар мен полиция қызметкерлері де бар.
Фото: sputniknews.kz