Атырау облысында мектеп директорына айыппұл салынды

Сот отырысында мектеп директоры өзінің жұмысына алаңғасарлықпен қарағанын ішінара мойындады.
Атырау облысының Қызылқоға ауданында мектеп директорына айыппұл салынды. Ол білім беру мекемесінің терроризмге қарсы қорғалуын тиісті дәрежеде орындамаған, деп жазады atr.kz.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің айтуынша, Қызылқоға аудандық ішкі істер бөлімімен жүргізілген тексеру нәтижесінде Б.Аманшин атындағы орта мектептің терроризмге қарсы қорғалу паспортының құжаттары дұрыс рәсімделмеген. Яғни, ереже талаптары сақталмаған.

Сот отырысында мектеп директоры өзінің жұмысына алаңғасарлықпен қарағанын ішінара мойындады.

Қызылқоға аудандық сотының қаулысымен мектеп директоры Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 149-інші бабы, 1-інші бөлігімен кінәлі деп танылды. Сөйтіп, 158 830 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі жаза қолданылды.

Айдос Қарабала

Фото: tk-krasmebel.ru

Следите за новостями zakon.kz в: