Ақтөбеде доп ойнап жүріп токқа түсіп қалған бала жан сақтау бөлімінде жатыр

Ток трансформаторының ішіне түсіп кеткен добын алмақ болған.
Ақтөбеде ток трансформаторына күйіп қалған 14 жастағы бала жан сақтау бөліміне түсті. Рома Андреев облыстық балалар ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілген, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Қазір науқастың жағдайы жақсы, есін жиды. Бірақ, əлі де жан сақтау бөлімінде жататын болады. Бала қорқып қалған», — дейді облыстық балалар ауруханасының бас дəрігері Нұрлан Қожин.

Бас дəрігердің айтуынша, жасөспірім есік алдында ойнап жүріп, ток трансформаторының ішіне түсіп кеткен добын алмақ болған.

Фото: cdn.riastatic.com
Следите за новостями zakon.kz в: