Киров су қоймасынан су шығару туралы мәліметке қатысты ҚР ТЖ жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Sputnik Қазақстан тілшілеріне мәлімдеме жасады.
Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, Киров су қоймасында жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 120 шаршы метр су шығарылады.
Иманқұлов бұл жөнінен Қазақстан тарапы алдын ала жіберілген телефонограмма арқылы хабардар болғанын атап өтті. Қазіргі уақытта Жамбыл облысы ТЖ жөніндегі департаменті осы жағдайға қатысы бар мемлекеттік органдарға хабар таратты.
Фото: sputniknews.kz