Астана қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Б. және Н.есімді тұрғындар дауласып қалған. Б. азамат Н.-ға былапыт сөздер айтып намысына тиеді. Екіншісі оны есікке қарай итеріп жібергенде, Б. қолына түскен маникюр қайшысымен оның көзіне тығып алады, деп жазады stan.kz.
Соның салдарынан Н. бір көзінен айырылды.
Алматы аудандық №2 сотының үкімімен Б. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру»), 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Фото: stan.kz