Қоқыс полигонынан жаңа туған сәбидің денесі табылды

Қазір осы жағдайға қатысты ОҚО ІІД-не хат жолданды.
Шымкентте қоқыс полигонынан жаңа туылған нәрестенің мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша күндізгі сағат 11:30 шамасында жүк көлігі тұрмыс қалдықтарын зауытқа төккен, деп жазады tvk-uko.kz.

Кейін қоқысты өңдеу кезінде жұмысшылар полителенді пакеттердің арасынан жаңа туылған қыз баланың мәйітін тапқан.

Сөйтіп, дереу полицияға хабар беріпті. Оқиға орнына тәртіп сақшылары шұғыл жетіп, тексеру жұмыстарын бастады.

Қазір осы жағдайға қатысты ОҚО ІІД-не хат жолданды. Нақты ақпарат полиция қызметкерлерінің ресми мәлімдемесінен кейін белгілі болады.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Фото: tvk-uko.kz

Следите за новостями zakon.kz в: