Қазақстан-Қытай шекарасында контрабандалық жүкті - қаракүзен терісінен тігілген 57 ішікті тасымалдау қылмысының ізі кесілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қорғас» өткізу бекетінің жасағы 32 жастағы Қазақстан азаматшасын ұстады. Ол Шекара ынтымақтастығы халықаралық орталығынан Қазақстанға қарай жаяу бет алған. Қол жүгін тексеру барысында тері заттары - 57 дана қаракүзен ішігі табылды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Ұстау фактісі бойынша өзара байланыс органдарының өкілдері ақпараттандырылды.
Фото: inform.kz