Ақтауда жүкті әйел қарыны тілінген күйде ауруханаға түсті. Бұл туралы stan.kz, “Лада” жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап жариялады.
Әйелді түнгі уақытта ауыр жағдайда жедел жәрдем Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізген. Емделушіге шұғыл түрде операция жасалады.
Хирургия бөлімінің меңгерушісі Талғат Мұқантаевтың айтуынша, 26 жастағы келіншек жүктіліктің 17-18 аптасында екен. Ол асқазан тұсынан жарақат алған.
Мұқантаев әйелдің ауруханаға алкогольді мас күйде түскенін де айтты.
Фото: stan.kz