Үш жасар бала ойын орталығында үстелдің үстінде тұрған хлор ерітіндісін ішіп қойған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қарағандыда орталық әмбебап дүкендегі ойын орталығында ойнап жүрген үш жасар бала хлор ерітіндісін ішіп қояды. Қыздың ата-анасының айтуынша, "Белизнаны" ойын орталығының қызметкерлері балалардың үстелінде қалдырып кеткен.
"Бала бір стақан сұйықтықты ішеді де, қатты айғайлап жібереді. Оны бірден балалар ауруханасына жеткіздік. Қызымыздың тамағы мен тілі күйіп қалған", — деді баланың әкесі.
Қазіргі уақытта бала ауруханада жатыр. Ата-анасы орталықтың үстінен полицияға шағым түсірді.
Фото: sputniknews.kz