Астаналық жігіт көлігін сатып, оны қайтадан ұрлап кетті

Жас жігіт келген шығынды 1 500 000 теңгеге бағалады.
Күдікті көлігін жәбірленушіге шілде айында сатқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тергеу барысында полицейлер көлікті бұрынғы иесі ұрлағанын анықтады. Осылайша ол машинасын басқаға қайта сату арқылы байымақшы болған. Бұған қоса, күдікті көлікті жалған ресейлік нөмірмен сатқан. Ал шын мәнінде көлік көрші Қырғызстаннан әкелінген. Қазіргі таңда аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 200-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді полицейлер.

26 қазан күні Көкшетау ІІБ кезекші бөліміне 22 жастағы жергілікті тұрғын шағымданды. Жәбірленушінің айтуынша, 26 қазанға қараған түні әлдекім үйінің ауласынан «Мерседес S 320» маркалы автокөлігін айдап әкеткен.

Жас жігіт келген шығынды 1 500 000 теңгеге бағалады.

«Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер ұрланған автокөлікті Зеренді ауданының Айдарлы ауылынан тапты. Белгілі болғандай, күдікті дөңгелектері тесілген көлікті жергілікті тұрғындардың біріне қалдырып кеткен. Ертесі күні дөңгелектерін ауыстыруға келетінін айтқан. Полиция сол күні көлігін жөндеуге келген ер адамды ұстады. Күдікті – 27 жастағы Астана тұрғыны, бұған дейін алаяқтық үшін сотталған», - делінген хабарламада.
Следите за новостями zakon.kz в: