Қырғызстанға сұйытылған газ өткізіп келген қылмыстық топ ұсталды

Құқық қорғау органдарының бұл қылмыстық іске қатысы тексеріліп жатыр.
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарламасына қарағанда, олардың заңсыз іс-қимылы салдарынан республикаға ай сайын 650 млн теңге зиян келіп отырған деп хабарлайды Baq.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облыстық департаменті тек Қазақстан территориясында тұрмыстық қажет үшін сатуға арналған мұнай газын сатып алып отырған қылмыстық топтың жолын кесті. Сатып алынған мұнай өнімдерін топ Қырғызстанға жіберіп отырған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыстық іс-әрекетке Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облысының компаниялары қатысып келген. Контрабандалық газдың басым бөлігі Қырғызстан арқылы Тәжікстан мен Ауғанстанға өткізіліп отырған» делінген хабарламада.

«Аталған факт бойынша Жамбыл облыстық Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесе отырып ҚР ҚК 197 бабы бойынша (шыққан тегі заңды екенін растайтын құжаттарсыз мұнай және мұнай өнімдерін тасу, алу, сату, сақтау) сот алды тексеру жүріп жатыр. 13 фигурант анықталды, оның алтауы Қырғыз Республикасы азаматтары. Олардың ұзақ уақыт бойы мұнай газын заңсыз сатып алуға қатысын растайтын құжаттар мен түрлі материалдар тәркіленді».

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының бұл қылмыстық іске қатысы тексеріліп жатыр.

Фото: baq.kz
Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: