Ақтөбеде өткен Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған конференция кезінде профессор Амангелді Айталы Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның еңбектеріне тоқталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
«Надан жұрт алдыңғы мәдени жұрттың киіп тастаған киімін киеді». Бұл Әлихан Бөкейханның сөзі. Біз, қазақ, сол надан жұртпыз. Орыстың киіп тастаған киімін, батыстың киіп тастаған киімін кию, еліктеу, сөйте тұра тыраштану, басқаның жолымен жүру, өзінді бұрын қорлаған, отарлаған халықтың мәдениеті мен психологиясына еліктеу, айналып келгенде ұлттық дамуына балта шабады», — деді Амангелді Айталы.
Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан 1919 жылы өз тегін өзгертіп, «ов» жалғауын алып тастады. Отаршыл елді бұрын болмаған жағдай тіркелді. Амангелді Айталы сол күнге қазақ ұрпағы енді қол жеткізгеніне тоқталды.
«Әлихан – ұлттық концепция, қазақ ұлтының негізгі платформасын, болашағын жасаған қайраткер. Менің ойынша, алашқа бір университет қабырғасында емес, облыс, республика деңгейінде ғылыми конференциялар өтеуі керек. Біздің айтып жүрген істеріміздің артында Алаш тұр. Әлихан Бөкейхандай лидер болған емес, бүгін де жоқ. Себебі, бұл жерде ол өзінің қара басын ойлаған емес. Шетелге кеткісі келмеді, осы елде қалғасы келді. Бүгінгі заманда жүрегім Қазақстанда, капиталым шетелде жүрген заманда Әлихан Бөкейхан біз үшін бөлек тұлға. Мұндай лидер жоқ. Алаш қозғалысы, алаш идеясы нәр алатын үлкен байлық», — деді Амангелді Айталы.
Фото: www.juldizdar.kz