Астаналық полицейлер 1 қараша күні түнгі сағат 02.00 шамасында «Тойота» автокөлігіннің салонын тексеру кезінде қара түсті сумкағаның ішіннен 7 травматикалық тапанша мен 67 патрон тауып, тәркілеген, деп хабарлайды Baq.kz.
Тексеру кезінде 6 тапаншаның завод нөмірі өшірілген, ал 1 тапанша Қарағанды облысында жоғалған қарулар есебінде тұрғаны анықталды. Қазіргі таңда сарпатама тағайындалып, тексеріс жүргізілуде.
Сондай-ақ автокөлікте болған 22 және 27 жастағы жолаушылар ҚР Қылмыстық кодексінің «бұзақылық» бабы бойынша бұрын сотты болғаны анықталды. Олар автокөлік жүргізушісінің танысы екен.
Осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтардың Астана аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.
Фото: goloskarpat.info