«Ата жолы» автожолын жаңарту жұмыстары басталды

«Ата жолы» автожолы өңірдегі туристік орындарға, яғни Шопан-Ата, Оғланды және Бекет-Ата зиратына апаратын жол.
Маңғыстау облысында туристерге жағдай жасап, туризмді дамыту мақсатында қолға алынған жобалардың бірі «Ата жолы» автожолын жаңарту жұмыстары. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында айтылған «өңірлердің дамуы-елдің дамуы» тапсырмасына сәйкес іске асырылып жатқан жоба, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ұзындығы 97 шақырымды құрайтын жол 2011 жылы пайдалануға берілген. Алайда, бірнеше қабаттан тұратын автожолдың соңғы қабаты, яғни асфальттау жұмыстары биыл қолға алынып, оған 5 млд. теңге бөлініп отыр. Жобаның реконструкциялау жұмыстары басталып, Маңғыстау облысы Қарақия ауданының аумағында асфальт төселді.



Шараның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Ералы Тоғжанов: «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзі атап өткендей отандық туризмді дамыту үшін алдымен логистика мен инфрақұрылымды жандандыруымыз қажет. Бүгінгі «Ата жолы» автожолын жаңартудағы негізгі мақсатымыз осы. Яғни, сапалы жол салынса, ел-жұрт келеді, тіршілік басталады. Басқа да қызмет көрсету орталықтары бой көтеріп, көптеген кәсіпкердің табыс табуына жол ашылары анық. Бұл жол жақсылыққа бастайтын жол болмақ» деді. Сондай-ақ ол бұл жаңарту жұмыстары Үкіметтің қолдауы арқылы Маңғыстау облысы әкімдігі мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі бірлесіп атқарып жатқан көп істердің бірі ғана екенін атап өтті.



Жобаның жалпы құны 5,042 млрд.теңгені құрайды. 97 шақырым жолдың 51 шақырымын асфальттауды 2019 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

«Ата жолы» автожолы өңірдегі туристік орындарға, яғни Шопан-Ата, Оғланды және Бекет-Ата зиратына апаратын жол. Айта кетейік, бұл орындар Маңғыстау өңірінің ғана емес, еліміздің мәдени мұрасы саналады. Сонымен қатар Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін құруға бағытталған «Киелі мекен» арнайы жобасына кіреді.



Қосымша

Жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамалық қорытындысы 2014 ж. 23 мамыр.

«Ата Жолы» автожолын қайта құру» жұмыс жобасының 0-51 км (1-кезең) мақсаты - техникалық санаттың V санатын қайта құру, үшінші санатқа көшу:
1. V техникалық санаты: жолақтар саны - 1 дана, жолдың ені - 4,5 м., жолдың ұзындығы - 1,75 м., жол 4,5 м., жолдың ұзақтығы - 4,5 м., жер телімі кенеп - 8,0 м.;
2. ІІІ техникалық санаты: жолақтар саны 2 дана, жолақ ені 3,5 м., жол жағы 2,5 м., жолдың ұзындығы 7,0 м., жол жабыны - 8,0 м., жер телімі кенеп - 12,0 м.

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Следите за новостями zakon.kz в: