Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында белсенді Айдын Егеубаевқа қатысты үкім шығарылды, деп жазады sputniknews.kz.
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Айдын Егеубаев ҚР ҚК 130-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Айта кетсек, 2016 жылы 13 шілдеде ақпарат сайттарының бірінде "Нұр Отанның белсендісі қытайлар Қазақстан жерін басып алғанын растайды" атты мақала шыққан болатын.
Өткен жылы Айдын Егеубаев ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының және ауыл шаруашылығы вице-министрінің атына Биядиловтың және "Бәтуа" ЖШС заңды тұлғасының абыройы мен қадыр-қасиетін қаралайтын, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жала жабу сипатында хат жазған.
Фото: sputniknews.kz