Қала орталығындағы дүкендердің бірінен ойыншық ұрлап кеткен қостанайлық қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанай қаласының ІІБ кезекші бөлімі Чехов көшесіндегі дүкендердің бірінен ойыншықтардың қолды болғаны туралы хабар алады.
«Дүкен сөрелерінен "Лото", "Домино" сияқты бірнеше дамытатын ойыншық пен құрастырғыштар ұрланған. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 31 жастағы ер адамды ұстады. Кейіннен оның облыстық наркологиялық диспансерде емделіп жүргені анықталды. Шығын көлемі 18 500 теңгені құрады», - деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі.
Ұрланған заттардың барлығы тәркіленді. ҚР ҚК 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Фото: inform.kz