Солтүстiк Қазақстанда алтын өндiруге 250 жұмысшы тартылады

Аталмыш жоба индустрияландыру картасына енгiзiлген.
Жұмыс бабымен Есiл ауданына барған СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов «Әулие Голд Майнинг» серiктестiгiнiң алтын өндiру кен орнында болды. Ресейлiк компания алтын өндiрудi 2015 жылға қолға алды. Осы күнге дейiн 100 мыңнан тоннадан аса кен өндiрiлдi. Компания басшылығы өндiрiстi 130 мыңнан 600 мың тоннаға дейiн өсiрудi жоспарлап отыр. Бұл межеге 2018 жылы қол жеткiзiледi деп күтiлуде.

Өңiр басшысы алтын өңдейтiн кәсiпорынның облыс экономикасы үшiн үлкен маңызға ие екенiн атап өттi.

«Өндiрiс толық қуатына шыққан кезде өндiрiс процесiне 250 адам тартылады. Бюджетке 400 миллион теңгеден аса қаржы құйылмақ. Бұл жобаның әлеуметтiк маңызы да бар. Жұмысшыларды осы маңдағы елдi-мекендерден алу қажет», — деп атап өттi Құмар Ақсақалов.

Айта кету керек, аталмыш жоба индустрияландыру картасына енгiзiлген.


Следите за новостями zakon.kz в: