«Солқазэнерго» тұтынушылардан жылу үшiн төлемдi сұрамайды

Қазiр облыс орталығында жағдай тұрақталды.
Өңiр басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен облыстық әкiмдiктiң отырысы өттi. Жиын барысында жылыту маусымының өту барысы әңгiме арқауына айналды.

Облыс әкiмi Петропавл қаласының кейбiр аудандарында тұрғын үйлерге жылу берiлгенмен, пәтерлерде жылудың болмағанын айтты. Қазiр облыс орталығында жағдай тұрақталды.

Аймақ басшысы «Солқазэнерго» жылу берiлген, бiрақ пәтерлерi суық болған тұтынушылардан жылу үшiн төлемнiң сұрамайтындығын жеткiздi.

Отырыс барысында Құмар Ақсақалов жылыту маусымының басталуы кезiнде тиiстi бақылау жасамағаны үшiн СҚО әкiмiнiң орынбасары Федяевке, лайықты деңгейде ұйымдастырмағаны үшiн Петропавл әкiмi Тасмағанбетовке сөгiс жариялады. Энергетика жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Қатқадамовқа қызметіне толық сəйкес еместігі туралы жарияланды.


Следите за новостями zakon.kz в: