Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов белгiлi велошабандоз, жерлесiмiз Алексей Луценкомен кездестi. Өңiр басшысы велоспортшыны жуырда өткен «Алматы турындағы» төртiншi жеңiсiмен, сондай-ақ беделдi «Вуэльта» веложарысында сәттi өнер көрсетуiмен құттықтады.
Құмар Ақсақалов келесi жылы Петропавл қаласында халықаралық веложарысты өткiзудi ұсынды. Бұл додаға шетелдiк кәсiби велоспортшылар шақырылмақ. Өңiр басшысы аймақта велошабандодар жүрiп өтетiн табиғаты сұлу жерлердiң көп екенiн тiлге тиек еттi.
Сондай-ақ жарысқа арнайы жолдарды жөндеу жұмыстары жүргiзiлмек. Алексей Луценко өңiр басшысының ұсынысын қолдап, өңiрде осындай iрi доданың өткiзiлуi өте маңызды екенiн айтты. Әлемге әйгiлi велоспортшы Александр Винокуров осы өңiрдiң тумасы. Қазiр «Астана» велоклубында 5 солтүстiкқазақстандық өнер көрсетедi.
СҚО велоспорттағы чемпиондардың отаны.
Алексей Луценко қысқа демалыс барысында Большая Малышка селосында тұратын анасына барып демалатынын жеткiздi. Бұдан соң iрi жарыстарға дайындықты бастайды. Құмар Ақсақалов Алексей Луценкоға алдағы спорт додаларында тек жеңiс тұғырынан көрiнуге тiлектестiгiн бiлдiрдi.