СҚО әкiмдiгi мен «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» арасында меморандум жасалды

Жиында «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» Басқарма төрағасы Нұрбибi Наурызбаева сөз алды. Басқарма төрағасының айтуынша, СҚО-да 332 мың шот ашылған.
Өңiрiмiзге ақпараттық жұмыс жүргiзу мақсатында «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» Басқарма төрағасы Нұрбибi Наурызбаева мен Өңiрлiк желiнi дамыту және қамту департаментiнiң директоры Мамила Мұсабекова келдi. Зейнетақы қорының өкiлдерiмен облыс әкiмi Құмар Ақсақалов кездестi. Кездесудi ашқан өңiр басшысы зейнетақы жүйесiн жаңғырту процесi үлкен маңызға ие екенiн атап өттi.

«Елбасының тапсырмасы бойынша елiмiзде зейнетақы жүйесiн реформалау жүргiзiлуде. Әлемдiк стандартқа сай зейнетақы жүйесi — заман талабы. Елiмiздiң әр азаматы зейнетақы қорындағы тың өзгерiстердi бiлгiсi келедi. Бүгiнгi кездесуде зейнетақы жүйесiнiң дамуын жан-жақты талқылаймыз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Жиында «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» Басқарма төрағасы Нұрбибi Наурызбаева сөз алды. Басқарма төрағасының айтуынша, СҚО-да 332 мың шот ашылған. Шоттарда жалпы сомасы 190 млрд теңге қаржы жиналған. Әр салымшыда орта есеппен 578 мың теңге жинақталған, бұл республикалық көрсеткiштен 26 пайызға төмен.

Кездесу соңында «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» мен Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi арасында ынтымақтастық пен әрiптестiк туралы меморандумға қол қойылды.

«Бүгiн бiз зейнетақы жүйесiн жаңғыртуға қатысты өзектi мәселелердi талқыладық. Бұл өзгерiстер жаңа әлеуметтiк саясаттың заңды жалғасы. Жаңа реформалар халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Азаматтарды лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету — мемлекеттiң басты мiндетi», — деп жиынды қорытындылады облыс әкiмi.


Следите за новостями zakon.kz в: