ЭКСПО кезінде қаладан шығарылған қаңғыбас: Астанаға 6 күн жүріп әрең жеттім

Әрине ешкімде еріккеннен алақан жаймайтыны анық. Бірақ оны да табыс көзіне айналдыратын жандар бар.

Алдымен жоққа шығарды, кейін мойындады, алайда шындықты жасырып қалды. Экспо кезінде 200-ге жуық қаңғыбасты қаладан шығарылғаны расталды. Кеше Астананың жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев осындай шара өткізгендігін мойындады. Оның сөзінше қолға түскен қайыршылар мен қаңғыбастардың барлығы оңалту орталығына жеткізілген. Бірақ миқы даладан аман есен оралғандар Малыбаевтың сөзін жоққа шығаруда, деп жазады stan.kz, Евразия арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Ұят болмасын! Бұл сөздің құдіретін күшті. Ақмола Астана болғалы шешілмей келе жатқан қаңғыбастар мәселесін бір түннің ішінде шешіп тастады. Бірақ, Экспо қонақтарының қауіпсіздігін қамдаған полиция, аймақтағы ағайынның бас ауруын көбейтті.

«Соңғы айды білмедім, бірақ соңғы бір аптада қаптап кетті. Өздері жергілікті қайыршылардан өзгеше киінген. Әрі дөрекі сөйлейді. Ілулі тұрған төсек пен киімдерді ұрлап жатыр. Бәріненде кеш құрым үйге қайтатын ойын баласынан қорқамыз», – дейді Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының басшысы Тамара Корнатовская.

Аталған видеоның ғаламторға түскен уақыты биылғы жылдың шілдесі. Экспоның басталған сәттімен сәйкес келеді. Тізіліп тұрған қаңғыбастардың арасында полиция қызметкерлері болса да, Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығаруға тырысты. Ал кеше Астана қаласының тұрғындарымен есептік кездесу өткізген жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев Экспо басталмас бұрын қаладағы қаңғыбастарды шығарғанын мойындады.

«ЭКСПО кезінде 200-ге жуық үй-күйсіз жүрген қаңғыбасты елордадан шығарып тастадық. Олардың көпшілігі өңірлерден келген азаматтар. Барлығын бейімдеу орталықтарына жеткізіп, жағдайлары жасалады. Алайда олар ескі әдетіне салып ішімдік іздеп кеткен көрінеді. Десе де, ел абыройы екен деп, қаңғыбас болса да өз азаматтарымыздың құқығын бұзбауымыз керек», – дейді Астана қаласы ІІД жергілік полиция қызмтінің басшысы Бақытжан Малыбаев.

Астанадан қуылған көптің бірі Мейрамғали Кенжетаев. Айтуынша бір автобуспен алпыс адамды бірақ шығарған. Оның ішінде қаңғыбасы мен қайыршысы қатар қуылған.

-Көкшетаудың қай жеріне апарып тастады?

-Уәлиханов деген совхозы бар. Содан ары қаратай, ми дала.

-Неше күн жүріп келдіңіздер?

Мен өзім 6 күн жүріп келдім.

-Олар айтып жатыр оңалту орталығына апардық деп?

-Жоқ, апармайды ғой. Кім кіргізеді. Біздей адамдар онда да жетеді» – үйсіз-күйсіз қалған адам Мейрамғали Кенжетаев.

Уәлихан ауылы Астанадан 500 шақырымдай жерде. Жолдың алыстығына қарамастан 6 күннің ішінде жеттім, – дейді Мейрамғали Кенжетаев.

Қазіргі таңда қайыр тілеп күн көріп жүр. Күнделікті тамағын тапқанша жүреді екен.

Бір нан алып жеймін, алып жемесем далада да жата алмаймын. Жүрем қаңғырып”, – дейді ол.

Мейрамғали Арқалықтың тумасы. Айтуынша келіні үйге сыйдырмаған. Жалғыз перзентінің жеке өміріне араласпау үшін аулақ кеткен. Сөйтіп жүргенде мертігіп мүгедек боп қалған. Енді жұмысқа да алмайды, ал зейнетақы құжатсыз берілмейді.

Өзін Салтанат деп таныстырған келіншекті үйінен ешкім қумаған. Несиесін жауып, дәрі-дәрмегін алу үшін алақан жаятын көрінеді.

-Балаларыңыз отырма, ұят болады демей ме?

-Жоқ айтады. Мен айтам сендерге де салмақ салмайын деймін. Мен енді өтірік істеп отырған жоқпын. Жұрттың бәрі біледі. Рахмет балам сөз жәрдеміңе» – дейді қайыр тілеуші Салтанат.

Салтанаттың қалада жеке баспанасы да болған. Бірақ айрылып қалыпты, себебін айтпады. Бала-шағасымен бірге пәтер жалдап тұрады екен.

– Қандай көмек сұрар едіңіз?

– Денсаулықты қалпына келтіру. Енді мына темірлерді арқамнан қайтадан алу керек.

Темірлер қойып берген. Содан қорқып отырмын. Сол енді айтады 7-8 жылға дейін темірмен жүруге болады дейді, – қайыр тілеуші Салтанат.

Әрине ешкімде еріккеннен алақан жаймайтыны анық. Бірақ оны да табыс көзіне айналдыратын жандар бар.

Следите за новостями zakon.kz в: