BI Marathon-ға тіркеу ашық

2017 жылы марафонға 4500 адам қатысты.

2018 жылдың 27 мамырында Астанада Орталық Азиядағы ірі спорттық іс-шаралардың бірі болып саналатын үшінші қайырымдылық BI Marathon өткізіледі. Іс-шара салауатты өмір салтын ұстанатын, әуесқой жүгірушілердің және әлеуметтік белсенді адамдардың басын қоспақ.

BI Marathon идеясының негізін өзгелерге көмек қолын созуды ниет қылған жандар салды.

Марафонға қатысу үшін жиналған барлық қаражат «BI-Жұлдызай» қайырымдылық қорына аударылады. 2004 жылдан бері, қор ерекше қажеттіліктері бар балаларға қаржылай және әлеуметтік көмек көрсетіп келеді. Қор шетелден жоғары білікті мамандарды шақыра отырып, оңалту жұмыстары мен хирургиялық оталар өткізеді. Атап өтсек, 3,5 жылда церебральді сал ауруына шалдыққан қазақстандық балаларға 468 ота жасалды.

Қордың оңалту орталығында, бүгінгі күнге дейін 4 пен 13 жас аралығындағы 50 бала алғаш рет өздігінен жүре бастады. Сондай-ақ «Менторство» бағдарламасы бойынша қазақстандық дәрігерлерге арналған 70 шеберлік сабағы өткізілді.

BI Марафон алғаш рет 2016 жылы ұйымдастырылған болатын, қор тіркеу арқылы жинаған қаражатқа церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды емдеуге арналған медицина жабдығын сатып алды, ол Астанадағы «BI-Жұлдызай» оңалту орталығында орнатылды.

2017 жылғы марафонда жиналған қаражат жүйке жүйесін белсендіретін Томатис терапиясына арнайы өңделген SOLISTEN құрылғыларын сатып алуға жұмсалды.

Оның басты қызметі - есту органын ынталандыру және бас ми жарты шарларының арасын үйлестіру. Шиеленіс жағдайындағы балалардың эмоциялары мен зейіндерін мұқият бақылай бастайды. Нәтижесінде, коммуникация саналығы мен оқуға қабілеті артады.

2017 жылы марафонға 4500 адам қатысты. Марафон қатысушыларына қашықтықтардың біреуін таңдап, өту ұсынылады: 2 км (8-14 жас аралығындағы балаларға), 5 км, 10 км, 21,1 км (жартылай марафон) және 42,2 км (толық марафон).

Толық қашықтыққа қатысу төлемінің мөлшері 1 мамырға дейін 5000 теңге. 1 мамырдан бастап - 5500 теңге. Бұдан басқа, қатысушылар BI Marathon-ның жарысқа қатысуға арналған фирмалық футболкаларын сатып алып, жүгіре алады және бұл олардың маңызды әлеуметтік жоба қатысушысы екенін көрсетеді.

Осы жылы BI Marathon ұйымдастырудың жаңа деңгейіне шығады, соған байланысты спорт мерекесі марафонға 2 күн қалғанда басталады. 25, 26 және 27 мамырда Астананың Триатлон саябағында спорттық жәрмеңке өтеді. Онда қала тұрғындары мен қонақтары марафонға және спортқа қажетті аяқ киім мен спорттық тағамдарды сатып ала алады. Жәрмеңкеде жүгіруге, велоспортқа, жүзуге, кроссфитке арналған әйгілі спорттық брендтердің тауарлары мен қызметтері ұсынылады.

Марафонға кез келген адам қатыса алады. Бұл үшін тек ресми сайтында онлайн тіркелу қажет. Сол жерде «BI-Жұлдызай» қорының қайырымдылық мақсаттарына ерікті түрде қайырымдылық жасауға болады.

Следите за новостями zakon.kz в: