Председателю Сената
Парламента Республики Казахстан
Токаеву Касым-Жомарту Кемелулы
Депутатам Сената Парламента Республики Казахстан
ОТКРЫТОЕ ПИСЬМО
Республиканской коллегии адвокатов
Уважаемый Касым-Жомарт Кемелулы!
Уважаемые Депутаты!
10 января 2018 года в обращении президента Нурсултана Назарбаева «Новые возможности для развития четвертой промышленной революции» говорится, что Президентом определены приоритетные направления реформирования верховенства закона и обеспечения равенства перед законом, прав защитников и досудебного судебного надзора. Это приветствовалось сообществом адвокатов с полным пониманием и поддержкой.
11 июня 2018 года в Сенат Парламента Республики Казахстан поступили одобренные Мажилисом Парламента Республики Казахстан проекты Законов «Об адвокатской деятельности и юридической помощи» и «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам адвокатской деятельности и юридической помощи».
Ранее в ходе рассмотрения законопроекта в Мажилисе, он был значительно переработан и некоторые поправки адвокатского сообщества были учтены. В то же время ряд принципиальных разногласий остался, и мы надеялись продолжить их обсуждение в Сенате в том же формате открытости и диалога, который был задан в Мажилисе.
На заседании рабочей группы Сената по законопроекту 21 июня 2018 года представители Республиканской коллегии адвокатов озвучили свои замечания по принципиальным положениям законопроекта, среди которых:
- исключение возможности принятия отдельного закона по вопросу создания государственной адвокатуры;
- устранение из компетенции Министерства юстиции полномочий по согласованию внутренних актов адвокатуры;
- расширение гарантий безопасности и защиты адвоката в ходе осуществления им профессиональной деятельности;
- исключение возможности отказа в ответе на адвокатский запрос;
- запрет оперативно-розыскных мероприятий в отношении адвоката;
- запрет привлечения адвоката к конфиденциальному сотрудничеству с правоохранительными органами;
- уведомление коллегии адвокатов о задержании адвоката;
- невозможность привлечения адвоката к ответственности за мнение, выраженное в процессе осуществления своих полномочий;
- устранение вмешательства в процесс самоуправления путем установления ограничений в ходе избрания органов управления адвокатуры.
Данные поправки в ходе обсуждения проекта в Мажилисе были внесены самими депутатами, но по различным причинам были отклонены или отозваны.
Рассмотрение проекта в первом чтении назначено на 28 июня.
Считаем, что рассмотрение и принятие проекта профильного закона не должно проходить без тщательного и широкого обсуждения. Полагаем, что необходимо сохранить заданный в Мажилисе Парламента курс на максимально открытый диалог с юридической общественностью, сбор, анализ и учет предложений.
В проекте остаются спорные нормы, подвергшиеся обоснованной критике со стороны адвокатов, казахстанских и международных экспертов, международных организаций, включая ОБСЕ и ООН.
Уважаемый Касым-Жомарт Кемелулы, уважаемые депутаты!
Мы надеемся, что рассмотрение проекта продолжится в обстановке открытости, диалога и компромиссов и предлагаем не торопиться с его принятием. Все это в результате, поможет эффективно провести намеченную реформу юридической помощи.
С уважением,
Председатель
Республиканской коллегии
адвокатов А. Түгел
Қазақстан Республикасы
Парламенті Сенатының төрағасы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа
Қазақстан Республикасы
Парламенті Сенатының депутаттарына
ҮНДЕУ ХАТ
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Құрметті депутаттар!
Сіз(дер)ге адвокаттық қоғамдастық атынан жүгінуге мәжбүр болып отырмыз.
2018 жылы 10 қаңтарда Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар, адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясын кеңейтуді басым бағыт ретінде белгіледі. Бұл жаңалықты адвокаттық қауымдастық ерекше ықылас пен құрметпен қабылдады. Себебі, біз кез келген оң өзгерістерді тежеуге тырысатын құқық қолдану практикасын түбегейлі қайта қарау маңызды деп санаймыз.
Бізді кәсіби қорғаушылар ретінде адамның негізгі және конституциялық құқықтарын қорғау барысында жүгінетін адвокаттық қызметтің негізгі ұстанымдарына (принциптеріне) нұқсан келтіретін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында қарауда жүрген «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасы алаңдаушылық туғызады.
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісімен қарау барысында заң жобасына елеулі өзгерістер енгізіліп, адвокаттық қауымдастықтың кейбір түзетулері ескерілгенде еді. Дегенмен, бірқатар іргелі ұстанымдар бойынша келіспеушіліктер сақталып қалды. Біз, өз кезегінде, ҚР Парламенті Мәжілісінде орнатылған ашықтық пен диалог форматында ҚР Парламенті Сенатында талқылауды жалғастыруға үмітті едік.
ҚР Парламенті Сенатының 2018 жылғы 21 маусымдағы заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысында Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері заң жобасының негізгі мәселелеріне қатысты өз пікірлерін білдірді, оның ішінде:
- мемлекеттiк адвокатура қалыптастыру туралы жеке заң қабылдау мүмкiндiгiн болдырмау;
- Әділет министрлігінің құзыретінен адвокатураның ішкі актілерін келісуге өкілеттіктерін жою;
- өзінің кəсіби қызметін орындау барысында адвокаттың қауіпсіздік және қорғау кепілдіктерін кеңейту жəне нығайту;
- адвокаттың сауалына жауап беруден бас тарту мүмкіндігін болдырмау;
- адвокатқа қатысты жедел-іздестіру іс-әрекеттеріне тыйым салу;
- құқық қорғау органдарымен сенімді ынтымақтастыққа адвокатты тартуға тыйым салу;
- адвокаттың ұстау туралы адвокаттар алқасына хабарлама беру;
- адвокаттың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында айтылған пікірді есепке алуына жол бермеу;
- адвокатура қауымдастығының басқару органдарын сайлау барысына шектеулер белгілеу арқылы өзін-өзі басқару процесіне араласуға жол бермеу.
ҚР Парламенті Мәжілісінде жобаны талқылау барысында аталған мәселелер бойынша түзетулерді депутаттар ұсынды, бірақ, өкінішке орай түрлі себептермен қабылданбады немесе кері қайтарып алынды.
Жобаны бірінші оқылымда қарау 2018 жылдың 28 маусымына жоспарланған.
Профильдік заңының жобасын қарастыру және қабылдау мұқият және кең талқыланусыз болмауы керек деп есептейміз. Біз Парламент Мәжілісінің заңдық қоғамдастықпен ашық диалогқа, ұсыныстардың жинақталуына, талдауына бағытталған бағытты сақтау керек деп есептейміз.
Бұл жобада заңгерлер, қазақстандық және халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдар, соның ішінде ЕҚЫҰ және БҰҰ сынға ұшыратқан даулы нормалар әлі де бар.
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, депутаттар,
еркін және тәуелсіз адвокатурасыз шынайы сот төрелігін іске асыруға болмайды. Біз жобаны ашықтық, диалог пен ымыраға келу жағдайында қарастырамыз деп үміттенеміз және аталған заң жобасын қабылдау шешімімен асықпауларыңызды сұраймыз. Бұл нәтиже,өз кезегінде, заң көмегін жоспарлы реформалауды тиімді жүзеге асыруға көмектеседі.
Адвокатура азаматтық қоғамның элементі бола тұра, сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал етеді, адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде аса маңызды буын тетігі болып табылады.
Құрметпен,
Республикалық адвокаттар алқасының
Төрағасы А. Түгел