Лента новостей
0

Ғаділбек Жанай енді ырғақты ән жазып, би алаңдарын бағындырмақ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.11.2017 11:56 Zakon.kz
Әнші Ғаділбек Жанай енді сахнада билеп ән айтатын болды.
Лирикалық әндерімен танылған Ғаділбек Жанай енді ырғақты ән жазып, би алаңдарын бағындырмақ. Өнерпаз, шығармашылығына үлкен өзгеріс енгізуді көздейді. Ол үшін әнші, ең алдымен артық салмақтан арылмақ. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Әсем әндерімен талай жүректерді тебіренткен Ғаділбек Жанай, бүгінде артық салмақтан арылу үшін спорттың түр-түрін меңгеруде.

“Қазір тенис үйреніп жатырмыз, сосын бокс үйреніп жатырмыз, арасында баскетбол ойнап тұрам, жүзу үйреніп жатырмын. Қазір енді сезініп жатырмын ширақталып келе жатқанымды”, – дейді Ғаділбек.

Өнер иесі дене бітімін ширатып, әбден шыныққан соң, би өнеріне мықтап кіріспек. Себебі Ғаділбек, бұдан-былай өзінің үйреншікті әндерін ысырып қойып, ырғақты тректерді жазғысы келеді.

“Ойлап отырмын, профессионалды билеп шығатын әншімен мүмкін бір дуэт жасап, солармен бірге шығып көреміз мүмкін. Дұрыс билей алмай қаласың ба деп ойлайсың, өмірі билеп көрмегендіктен”, – дейді Ғаділбек.

Жаңашылдықтан жүрексінгендіктен бе, Ғаділбек шығармашылығына бірден өзгеріс енгізуге әлі асықпайды. Әншінің, тұсауы кесілген кезекті туындысы да лирикалық бағытта.

“Ол ырғақты әндерді айта алатынына ешқашан күмәнім болған жоқ. Болған емес те. Өйткені мен Ғаділбекті жан-жақты талантты жігіт деп білемін”, – дейді Нұржан Керменбаев.

“Дәл жаңағы лирикалық әндері сияқты, ол әндер хит болмайтын шығар. Әр әншінің өз феномені бар ғой, сондықтан Ғаділбектің феномені де осы шығар”, – дейді телепродюсер Гүлнұр Мамасарипова.

«Керек екенсің» туындысына «кешьюлік» Балжанның туған ағасы Бауыржан Бидаш сазгерлік еткен. Бұл әуезді ән әу бастан Ғаділбек Жанай үшін арнайы жазылғандай деседі.

“Ол айтты давай Ғаділбекке, менде нөмері жоқ, мүмкін сен ұсынып көресің деп. Сосын мен Ғаділбек ағаның ватсабына жібердім. Ғаділбек аға «Бидашка мына ән менікі, ешкімге бермеңдер, тыңдатпаңдар» деді”, – дейді Балжан Бидаш.

Лирик әншінің жаңа туындысы да, тыңдарманының жүрегіне бірден жол табады деген үміттеміз.

Фото: pp.vk.me
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: