Тәжірибелі Қазақстан халқы дұрыс таңдау жасайды деп сенемін – Н.Сафронов
Zakon.kz
Заңға сәйкес өтіп жатыр және ешқандай заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Халық сайлауға жарқын жүзбен келіп, белсенділік танытуда.
Дауыс беруде тәжірибесі бар Қазақстан халқы бүгін дұрыс таңдау жасайды деп сенемін. Бұл жөнінде елдегі бүгінгі сайлауға Ресей Федерациясынан бақылаушы ретінде қатысып отырған РФ еңбек сіңірген суретшісі, профессор Никас Сафронов мәлімдеді, - деп хабарлайды BNews.kz.
«Мен өткен жылы Президен сайлауына да қатысқан болатынмын. Бүгінгі сайлауға келер болсам, онда ол заңға сәйкес өтіп жатыр және ешқандай заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Халық сайлауға жарқын жүзбен келіп, белсенділік танытуда. Қазақстан азаматтары елдің посткеңестік кеңістікте қандай жетістіктерге жетіп, қалай дамып жатқанынан хабардар. Қазақстандықтардың сайлау жүргізуде бірнеше жылдық тәжірибесі бар. Сондықтан, халық дұрыс таңдау жасай алады деп сенемін», – дейді ол.
Фото:safronov.info
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript