Лента новостей
0

Ел тұрғындарының 40%-дан астамы саяси науқанға қатысқан

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.03.2016 20:32 Zakon.kz
Халық арасында белсенділік артып келеді.
Орталық сайлау комиссиясында ел тұрғындарының 40 пайыздан астамы саяси науқанға қатысқаны белгілі болды.
Ал бас қаламызда бұл көрсеткіш 32,33 пайызды құрап отыр. Оңтүстік астанамыз Алматыда 15,45 пайыз, Ақмолада 48,45 пайыздың шамасында. Ақтөбе облысында көрсеткіш сәл төмендеу екен. Онда сайлаушылардың 34,3 пайызы өз таңдауын жасап үлгерді.
Алматы облысында керісінше белсенділік жоғары. Яғни аймақ халқының 57,67 пайызы осы сағатқа дейін дауыс берді. Атырау облысында тұрғындардың 45,2 пайызы өз таңдауын жасады.
Еліміздің шығысында аталмыш көрсеткіш 45,83 пайызды құраса, Жамбыл өңірінде 47,41 пайызға теңесті. Ал батысқазақстандықтардың 38,67 пайызы осы сағатқа дейін белсенділік танытқан. Бұл ретте қарағандылықтар үлесіне 41,57 пайыз бұйырып отыр. Қостанай облысында сайлаушылардың 54,31 пайызы өз таңдауын жасаса, қызылордалықтардың 43,28 пайызы дауыс беріп үлгерді.
Маңғыстау өңірінде бұл көрсеткіш 31,41 пайызды, Павлодарда 40,47 пайызды құрады. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көрсеткіш жоғары. Онда дауыс берушілердің 48,1 пайыздан астамы саяси науқанға қатысты. Оңтүстік Қазақстанда сайлаушылардың 33,2 пайызы тиісті таңдауларын жасады.
Фото:today.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: