Жас жұбайлар үйлену тойы күні дауыс берді
Zakon.kz
ҚР Қарулы күштері офицері ретінде маған отанымның болашағы мен үшін бірінші орында, сондықтан бірге барып таңдауымызды жасадық.
ҚР ӘҚК капитаны Тимур Мұхамеджанов пен оның қалыңдығы Дина екеуі АХАЖ-да некені тіркеген соң екеуі бірден Өскемендегі №78 сайлау учаскесіне дауыс беруге келді, деп хабарлайды Baq.kz.
«Қазақстан Республикасының Қарулы күштері офицері ретінде маған отанымның болашағы мен үшін бірінші орында, сондықтан Дина екеуіміз бірге барып таңдауымызды жасадық», - деді сайлау науқанында дауыс берген бұрынғы балалар үйінің тәрбиеленушісі, 29 жастағы офицер.
Жас отбасы алдағы уақытта Тимур әскери қызмет атқаратын Серебрянск қаласында тұратын болмақ, олар үйлену тойы аяқталған соң әскери бөлімге аттанады. Жас қалыңдықтың мамандығы - фармацевт. Олар 4 жыл бұрын Серебрянск қаласында танысқан, ол кезде Дина сол жерде тәжірибеден өтіп жүрген екен.
Фото: baq.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript