Алматыдағы барлық сайлау учаскесі жабылды
20:00-де Алматыдағы барлық сайлау учаскесі жабылды. Енді бюллетеньдерді санау басталады, деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Естеріңізге сала кетейік, қаламыздағы 532 сайлау учаскесінде 1 млн 38 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Қаладағы дауыс беру жоғары деңгейде өтті. Бұл туралы шетелдік байқаушылар «Қазақстан» қонақ үйінде орналасқан байқаушылар штабында өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Шетелдік байқаушылар пікірінше, Алматыдағы сайлау ашық әрі әділ өтті. Барлық сайлау учаскелерінде саяси додаға түскен 6 партияның өкілдері де сайлау барысын қадағалады. Сонымен, бүгінгі жауапты саяси науқанды Алматы қалалық сайлау комиссиясының мүшелері асқан жауапкершілікпен атқарды. Айта кететін болсақ, бұл іске барлығы 4 мыңға жуық адам тартылған. Мінеки, ең жауапты кезең - сайлаушылар бюллетенін есептеу басталды.
Алмас СәдуақасФото:today.kz