Лента новостей
0

Сотта оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібі

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.01.2017 20:10 Фото: zakon.kz

 Сотта оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібі

 

Сотта оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын талап Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 145 бабында көрсетілген - негіздерде - егер талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін - жеті жүз айлық есептік көрсеткіштен, жеке кәсіпкерлер, азаматтар үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақша сомаларын өндіріп алу туралы талап қою арыздары бойынша; талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары бойынша; заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерді орындау туралы; «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен нотариус куәландырған дауды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы; тараптардың тапсырма шарты бойынша адвокаттың немесе адвокаттар мен тараптардың қатысуымен «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған дауларды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы; заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған кәсіпкерлік, инвестициялық қызметке байланысты даулар бойынша келісімдерді орындау туралы; заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған сақтандыру даулары және банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша келісімдерді орындау туралы; заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы; заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған зияткерлік меншікке құқықтарды қорғау саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы; заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған неке-отбасылық қатынастар саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы; азаматтың абыройына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне және заңды тұлғаның іскерлік беделін түсіретін мәліметтерді теріске шығаруды не бұқаралық ақпарат құралында жауапты жариялау туралы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы; заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда дауларды сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған өзге де келісімдерді орындау туралы істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен азаматтық істер бір ай мерзім ішінде қаралуға жатады және қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды.

Алайда тарап бұл туралы өтінішхат берсе; үшінші тұлғаның іске кіруі туралы өтінішхаты қанағаттандырылса; қарсы талап қою қабылданса; осы іс бойынша қабылданған сот актісімен басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылуы мүмкін болса; дәлелдемелерді олардың тұрған жерінде қарап тексеру және зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау немесе куәның айғақтарын тыңдау қажет болса, қосымша мән-жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажет болса істі талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша жалпы тәртіппен қарау туралы ұйғарым шығарады. Істі қарау мерзімі талап қою арызы алғаш қабылданған күннен бастап есептеледі. ҚР АПК 147 бабы негізінде оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын іс бойынша қысқаша шешім шығарылады, ол осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

Сот шешімінің көшірмелері тараптарға оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып жолданады не шешім шығарылған күннен бастап түпкілікті нысанда бес жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі. Жауапкер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шешім шығарған сотқа сот шешімінің көшірмелерін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Арыз, егер жауапкер талап қою арызының келіп түскені және оның оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатыны туралы тиісті түрде хабарландырылмаған және пікірді, сондай-ақ шешімнің мазмұнына әсер ете алатын дәлелдемелерді ұсына алмаған жағдайда беріледі. Шешімнің күшін жою туралы арыз осы баптың екінші бөлігінде көзделген талаптар ескеріле отырып, осы Кодекстің 21-тарауында белгіленген қағидалар бойынша қаралады. Шешімге осы шешімнің күшін жою туралы арыз беру мерзімі өткен соң, ал егер арыз берілген жағдайда - сот осы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарғаннан кейін бір ай мерзім ішінде апелляциялық тәртіппен тараптар шағым жасауы немесе прокурор наразылық білдіруі мүмкін. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен тараптар ұсынған құжаттар бойынша тараптарды шақырмастан, осы Кодекстің 277, 279-баптарында белгіленген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізу тоқтатылуы, арыз қараусыз қалдырылуы мүмкін.

Сонымен оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істердің ерекшеліктері тараптарды сотқа шақырмастан бір ай мерзім ішінде ұсынылған дәлелдемелер негізінде қысқаша шешім шығару тәртібімен қаралатындығында.

Қабидолдина С.С. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының судьясы

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: