Лента новостей
0

Тәуелсіз сот билігі – әлеуетті мемлекет негізі

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.05.2017 16:21 Фото: zakon.kz

Қ.А. Қасымов

Қарағанды облысы бойынша

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының

судьясы

Тәуелсіз сот билігі - әлеуетті мемлекет негізі

 

Қазақстандағы сот билігі біртұтас мемлекеттік биліктің дербес тармағы болып табылады. Ол Республика атынан жүзеге асырылады. Сот билігі өзіне азаматтардың, олардың бірлестіктерінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқықтармен заңды мүдделерін қорғауды, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтык актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларды шешуде қолданылады. Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының бүкіл Қазақстан аумағында міндетті күші болады.

Қазақстан Республикасының сот жүйесін — Жоғарғы Сот және жергілікті соттар — облыстық және оларға теңестірілген соттар, аудандық (қалалық) соттар құрайды. Конституция қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол бермейді. Бірақ бұл мамандандырылған соттарды құруға болмайды дегенді білдірмейді. Сот билігі сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген түрінде жүзеге асырылады. Соттардың адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін зандар мен өзге де нормативтік-құқыктық актілерді қолдануға құқы жоқ.

Аудандық (қалалық) соттар — соттар жүйесінің негізгі буыны — сот әділдігін жүзеге асыруда ауқымды құзыретке ие және сот жұмысының елеулі блігін атқарады. Оларды ауданда, қалада (аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда), қала ауданында Әділет министрлігінің ұсынысы бойынша Президент құрады. Мұндай соттар төрағадан және аудандық судьялардан тұрады. Аудандық (калалық) сот өзге соттардың жүргізуіне жататын істерден басқа бірінші сатыға жататын барлық істерді қарайды.

Облыстық және оларға теңестірілген соттар— орта буын соттарын — Президент құрады. Бұл буындағы соттар жүгіну, кассациялық және қадағалау ретіндегі бірінші саты соттары ретінде, сондай-ақ аудандық (калалық) соттарға катысты жоғары тұрған сот ретінде әрекет етеді. Қаралып отырған соттар сот төрағасынан, алқалар төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты — сот жүйесінің ең жоғары буыны. Жоғарғы Сот азаматтык, қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы болып табылады. Заңда көзделген іс жүргізу нысандарында езінен төмен тұратын соттардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады. Нормативтік қаулылар алу жолымен оларға сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады. Жоғарғы Сот төрағадан, алқа төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасын, алқалардың төрағаларың және Жоғарғы Соттың судьяларын Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларың, алқаларының төрағаларын және облыстық соттар мен оларға теңестірілген соттардың судьяларын Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Президент тағайындайды. Басқа соттардың төрағалары мен судьяларын Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген Әділет министрінің ұсынуы бойынша Президент қызметке тағайындайды. Қазақстан Республикасының жасы жиырма беске толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі (стажы) бар және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады. Судья қызметін алғаш рет атқарып отырған адам ант қабылдайды. Соттардың тұрақты судьялардан тұратындығын атап көрсету қажет; судьялардың тәуелсіздігі мен олардың құқына қолсұғылмаушылығы Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкілеттігі «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңда көрсетілген негіздемелер бойынша ғана тоқтатылады.

Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конститудия мен заңға ғана бағынады. Судьяға ешкімнің ешқандай ықпал етуге құқығы жок. Судья сот әділдігін іске асыру кезінде Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға міндетті, судьялық этика (әдеп) талаптарын сақтауға тиіс, заңсыз араласуға жол бермеу жөн. Судьялардың кеңесінің құпиясың сақтауға міндетті. Судья оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқара алмайды. Судьяны тұткынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Республика Жоғарғы Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьялар мен оның отбасы мүшелері және мүлкі мемлекет тарапынан қорғалады.

 

 

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: