Қазақстан Республикасының Медияция Заңын қолданудың өзекті мәселелері
Қарағанды облысының
мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотының
судьясы Ержан Габдуллин
Қазақстан Республикасының
Медияция Заңын қолданудың өзекті мәселелері
Медияция Заңының өміршеңдігі және халыққа тиімділігі, сот өндірісіндегі даулы мәселелердің оң шешімдермен аяқталғаны, медиаторлар ұйымдарының жасаған тізілім негізінде іріктелген кәсіпқой медиаторлардың және қала, ауыл, селолық округ әкімдер жасаған тізілім негізінде іріктелген медиаторлардың белсенді, адал, салалы, сапалы қызметтері мен еңбектеріне көп байланысты.
2015 жылы қабылданған АПК-нің 179-бабының талабына сай,
Тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхаты, егер бұл қосымша процестік әрекеттерді және істі қарауды тоқтата тұруды талап етпесе, кассациялық сатыдағы сотта берілуі мүмкін. Тараптар кассациялық сатыдағы соттағы өтінішхатпен бір мезгілде дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынуға тиіс.
Медиатор медиацияны жүргізу туралы өтінішхатты берген және тараптардың медиатормен жасасқан шарты бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарға ұсынылған жағдайда іс бойынша іс жүргізу осы Кодекстің 272-бабының 7) тармақшасына сәйкес бір айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Бірінші немесе апелляциялық сатыдағы судья медиацияны өткізу туралы өтінішхатты берген кезде сот іс бойынша іс жүргізуді осы Кодекстің 273-бабының 7) тармақшасына сәйкес он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін.
Медиацияны апелляциялық сатыдағы сотта өткізу үшін іс, әдетте, соттың алқалы құрамындағы судьялардың біріне беріледі.
Медиацияны өткізетін судья медиация өткізілетін күнді тағайындайды және тараптарға оның өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды. Медиация сотта «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Кодексте белгіленген ерекшеліктерге сәйкес өткізіледі.
Сот тараптардың өтінішхаты бойынша медиация рәсімін осы баптың үшінші бөлігінде белгіленген мерзім шегінде кейінге қалдыруға және егер басқа тұлғалардың қатысуы дауды (жанжалды) реттеуге ықпал етсе, оларды медиацияға шақыруға құқылы.
Сотта медиацияны өткізу хаттамасы жүргізілмейді.
Егер дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сот актісін орындау сатысында жасалса, ол сот актісінің орындалатын орны бойынша бірінші сатыдағы сотқа немесе көрсетілген сот актісін қабылдаған сотқа бекітуге ұсынылады.
Осы Кодекстің 180-бабында іс жүргізуінде іс жатқан судья (сот құрамы) дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексереді және оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығаратыны.
Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, осы келісімді бекіту туралы ұйғарым «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және осы Кодекстің 179, 180-баптарының талаптарына сәйкес келуге тиістігі.
Егер тараптар медиация тәртібімен келісімге қол жеткізбесе немесе келісімнің шартын сот бекітпесе, істі талқылау жалпы тәртіппен жүргізілетіні.
Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы сот бекіткен келісімді орындау осы Кодекстің 179-бабында белгіленген татуласу келісімін орындау қағидалары бойынша жүргізілетіні айқындалған.
Медияция Заңының қолдану саласына:
- Жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша,
- онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық іс жүргізу барысында қаралатын даулар бойынша медияция жүргізуге келісім шартын жасау жатады.
Медияция жүргізу әрекеті:
- некені жалғастыруға, ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға, балалардың тұрғылықты жерін белгілеуге, ата-аналарының балаларды бағып-күтуге салымына қатысты ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктерге, басқа да отбасылық қатынастардан туындаған келіспеушіліктерді шешу үшін де қолданылады.
Медиация Заңының жүргізілуінің негізгі мақсаттарына:
- дауласушы екі тараптардың еріктілігімен бітімге келтіріп татуластыруға, екі тарапты қанағаттандыратын нәтижеге қол жеткізу,
- дауласушы екі тараптың дауласушылық деңгейін төмендету жатады.
Медияцияның жүргізілуін медиатор атқарады.
Медиатор жүгінген дауласушы екі тараптың мүдесі үшін бейтарап болады және олардың тең қатысуын қамтамасыз етеді.
Медияцияны жүргізуде медиатор қызметіне мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, жеке тұлғалардың араласуына жол берілмейді.
Медияция жүргізудің негізгі тікелей қағидаттарына:
екі дауласушы тараптың еріктілігінің болуы, медияцияға жүгінген тараптардың теңдей құқылы болулары, медиатордың тәуелсіз және бейтарап болуы, тараптар құпиялылығының сақталуы, медияция рәсімінің атқарылуына ешкімнің араласуына жол берілмеуі кіреді.
Медияция барысында қатысушы дауласушы тараптар өз қалауларымен материалдық және процессуалдық құқықтарға ие болып, талап мөлшерін ұлғайтуға, азайтуға болмаса даулы мәселеден бас тартуға құқылы болады.
Медиатор қызметін кәсіби негізде, кәсіпқой медиаторлар, және кәсіби емес негізде, қоғамдық медиаторлар атқарады.
Сондай-ақ, АІЖК-нің 179-бабына сай, бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін.
Медиацияны апелляциялық сатыдағы сотта өткізу үшін іс, әдетте, соттың алқалы құрамындағы судьялардың біріне беріледі.
Ал, қылмыстық істер бойынша Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 85-бабына сәйкес,
Медиатор:
1) медиация тараптарына қылмыстық процесті жүргізетін орган беретін ақпаратпен танысуға;
2) медиация тараптары болып табылатын қылмыстық процеске қатысушылар туралы деректермен танысуға;
3) қылмыстық-процестік заңға сәйкес кездесулердің саны мен ұзақтығын шектемей, медиация тараптары болып табылатын қылмыстық процеске қатысушылармен оңаша және құпия кездесуге;
4) тараптарға медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасуға жәрдемдесуге құқылы.
3.Медиатор:
1) медиация жүргізген кезінде медиация тараптарының келісуімен ғана әрекет жасауға;
2) медиация басталғанға дейін медиация тараптарына оның мақсаттарын, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;
3) медиация рәсімін өткізуге байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
4. Медиатор тараптардың келісуімен медиация рәсімін қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз бен хабар тіркелген кезден бастап және қылмыстық процестің үкім заңды күшіне енгенге дейінгі кейінгі сатыларында жүзеге асыруға құқылы.
Кәсіпқой медиаторлар тізілімін медиаторлар ұйымы жүргізіп іріктейді.
Қоғамдық медиатор тізілімін қала, кент, ауыл,селолық округ әкімдер жүргізіп іріктейді.
Медиаторлар ұйымы ҚР-ның «Комерциялық емес ұйымдар туралы» Заңында көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған комерциялық, мемлекеттік емес өзін-өзі қаржыландыратын, өзін-өзі басқаратын ұйым болады.
Медиатор медияцияны жүргізуге жүгінген дуласушы тараптардың келісімімен жүргізеді.
Медиатор дауласушы тараптар медяцияға жүгінгеннен соң медияция жүргізу басталғанға дейін оның мақсаты мен олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
Медияцияны жүргізу шарты бойынша:
жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезінде медияция сотқа жүгінгенге дейін де, сот талқылауы басталғаннан кейін де қолданылады.
Медияцияға жүгінуді дауласушы тараптың өзі немесе тараптардың өтініші бойынша сот немесе қылмыстық қудалау органының жасауына болады.
Медияцияны жүргізу үшін дауласушы тараптар дауды медияция арқылы шешуге келісімдері болып, жазбаша нысандағы рәсімделген медияция туралы шарт жасайды.
Медияцияны жүргізу, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезінде медияция шартын жасағаннан бастап отыз күн ішінде аяқталады.(қажеттілікке байланысты тараптардың шешімімен тағы отыз күнге ұзарта алады)
Дауласушы тараптардың дауды шешуге келіскен медияция туралы шарты, сот өндірісіндегі жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар істерін тоқтата тұруына негіз болады.
Тараптар бітімге келіп дауды реттеу келісіміне қол қойған уақыттан бастап, медиатор дауды медияция арқылы шешуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, тараптар дауды медияция арқылы шешуге мүмкін емес болып бас тартқан жағдайда немесе тараптың бірі медияцияны жалғастырудан бас тартса сол мерзімнен бастап медияция жүргізілу тоқтайды.
Тараптар бітімге келіп, дауды реттеу келісіміне қол қойған келісім құжаты аазаматтық істі қарап жатқан судьяға жіберіліп ҚР азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіптерімен сот өндірісіндегі істің шешімі бекітіліп қортындыланады және мемлекеттік баж ҚР азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен баж төлеген адамға қайтарылады.
Медияция заңы бойынша оны жүргізу онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық іс жүргізу барысында қаралатын даулы мәселелер бойынша қолданылады.
Қылмыстық іс жүргізу барысында медияция қылмыстық заңында белгіленген сотқа дейінгі және сотта іс жүргізу мерзімдерінің ішінде жүзеге асырылады.
Қылмыстық процес барысыда медияцияны жүргізу кезінде дауласушы тараптар арасында келген зиян қалпына келтіріліп, татуласса, даулы мәселе бойынша реттелген медиатордың қатысуымен жасалған тараптар қол қойған келісім құжаты болса іс жүргізунде қылмыстық іс жатқан органға дереу жіберіліп, ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген қылмыстық қудалауды болдырмайтын не оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін жай болып табылып іс жүргізу өндірістен қысқартылуға жатады.
Осы Медияция Заңының дауласушы адамдардың қоғамымызда берекелі, жайлы, тыныш өмір сүрулеріне орасан тиімділігі болатынын көпшілік қауым ұғынып, өз ретімен жүргізілуіне бәріміз болып белсенділік жасасақ.
Осыған орай, кәсіби және кәсіби емес медиаторларды мемлекет тілінде дайындау мәселесіне көңіл бөлінсе, медиаторларды тағайындау барысында кәсіби және кәсіби емес медиаторларды белгілі бір арнайы бағытқа бөлсе, БАҚ аркылы, онын ішінде теледидар арқылы медиация институты жиі насихатталса игі болар еді.