Лента новостей
0

Тіл ұлт болып қалыптасудың негізгі факторы

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.08.2017 09:52 Фото: zakon.kz

Тіл ұлт болып қалыптасудың негізгі факторы

 

Г.М. Башенова

Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьясы

 

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп оны қоғамдық қарым-қатынас тіліне ену- бүгінгі күн талабы. Ендігі мақсат тәуелсіз мемлекетіміздегі қоғам өмірінің барлық саласында тілдің кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету. Президент Н.Назарбаев өз Жолдауында «Тіл -Қазақстан халқын біріктіруші құрал болуы тиіс. Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып, дамытуымыз қажет. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үлесімізбен толыға түскен қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз»,- деген.

Ана тіліміздің қоғамда өзіне лайықты орын алатын кезі келді. Тілдерді қолдану мен дамытудың алдағы он жылға арналған бағдарламасы осы мерейлі міндетке қызмет етеді деп күтілуде. Оның басты мақсаты - ұлт бірлігін нығайтудың алғышарты ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымда қолданылуын қамтамасыз ету, тіл саясатын қоғамдағы тұрақтылыққа нұсқан келтірмей үйлесімді жүзеге асыру болып табылады.

Біз қандай жағдайда да, қай кезде де өзге тілдің дамуына еш нұсқан келтірмей, оларға деген мемлекеттік қолдау қамқорлық аясын тарылтпай, қалай дегенде де Қазақстан Республикасы мемлекетінің негізін құраушы ел-жерінің иесі қазақ халқының ұлттық тілі - қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің мүддесін мейлінше кең көздеуге маңыз беруіміз керек. Бұл әр Қазақстандықтың қастерлі міндеті. Өйткені қазақ тілі әлемдік мәдениеттің бөлінбес бөлшегі ретінде тек қазақ топырағында ғана мемлекеттік мәртебені талап ете алады.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан мемлекеттік тілдің беделін көтеру үшін көптеген шаралар атқарылып, түрлі бағдарламалар қабылдануда. Осыған байланысты барлық мемлекеттік атқарушы органдар осы мәселе бойынша іс-шаралар атқаруда. Елбасының Қазақстан Халқына жолдаған Жолдауында белгіленген басым бағыттардың бірі - барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назар аударылып отыр. Осы мақсата Қазақстан халықтары Ассамблеясы да өзінің стратегиясында мемлекеттік тіл мен қазақ халқы мәдениетінің басты ролі азаматтық және рухани мәдениеттің ортақтығы негізінде Қазақстанның барлық этоностарының бірігуі жолында қазақстандық сәйкестіктің қалыптасуы басты міндеттерінің бірі болып табылатынын жариялады.

Басқа ұлт өкілдерінің диаспорасы болып табылатын қазақстандықтар бүгінгі таңда қандай этникалық топқа жататындығына қарамастан қазақ тілі мен мәдениетіне оның мемлекеттік қызметінің сақталуы мен нығаюының маңыздылығына көңіл бөлуде. Бұған дәлел ретінде соңғы жылдары Қазақстанда қазақ тілінде еркін сөйлейтін адамдар санының біртіндеп көбейіп келе жатқандығын айтуға болады. Азаматтардың қазақ тілін игеру деңгейіне қарай мемлекеттік тілді кезең-кезеңімен енгізу біртіндеп жүзеге асырылуда. Қоғамда, әсіресе мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар.

Мемлекет басшысы азаматтық қоғамды құрудың және Қазақстанның қарқынды дамуының маңызды шарттарының бірі - сарабдал ұлттық саясат екендігін атап көрсетті. Қазақ тілі - еліміздің барлық азаматтарын біріктіретін мемлекеттік фактор болып табылады.

Сот істерін мемлекетік тілде жүргізу Конституция талабы болғандықтан соттарда мемлекеттік тілде жазылған құжаттардың, сот актілерінің сапасына жоғарғы талап қойылу, мемлекеттік тілдің аухалын одан әрі кеңінен қолданылуын кеңейту сот жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі болып қала бермек. Себебі мәңгілік елдің тұғырын биіктететін тілімізді мәңгілік етудің тетіктерін жұмыс істетіп, Жолдауда берілген тапсырманы өміршең ету барша қазақстандықтардың міндеті.

Алайда, бүгінгі күні сотқа келіп түскен істердің басым көпшілігі орыс тілінде берілуде.

Қазақ тілінің аясын кеңейту, оны іс жүзінде мемлекеттік органдарды қолдану үшін адвокаттар мен заңды тұлғаларды, мемлекеттік емес мекемелердің өкілдерімен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуі қажет деп ойлаймын.

Қазақстан Республикасы көпұлтты унитарлы мемлекет болғандықтан республика тұрғындарының татулығы мен бейбітшілігін сақтап, ұлтаралық бірліктің маңыздылығын негіздейтін ең негізгі факторы - қазақ тілі десек артық болмас. Сондықтан бәріміз бірігіп мемлекетіміздің тәуелсіздігінің басты белгісі ана тіліміз - қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейтуіміз шарт.

«Ұлт боламын десең, бесігінді түзе»- деп бекер айтпаса керек.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: