Лента новостей
0

Ортаќ мџлікті бљлу туралы

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.09.2017 11:42 Фото: zakon.kz

Ортақ мүлікті бөлу туралы

Астана қаласы Есіл аудандық соты

Бас маман - сот отырсының хатшысы

А. Тілеубай

 

 Некеге отырғанда некедегі мүліктің тиістілігі және оны ажырасу кезінде бөлу керектігі туралы ойланатындар жоқ шығар. Әрине бұл сияқты маңызды сәтте жаман ойламаған да дұрыс. Аталмыш мақалада біз ерлі-зайыптылардың жеке және жалпы мүліктері туралы неке шартының қандай роль атқаратынын мүліктік үлестер қалай бөлінетінін және неке бұзылғанда меншікті бөлуге қандай талаптар ықпал ететіні туралы айтамыз.

 «Неке және ерлі-зайыптылық туралы» 32-бабының 1-тармағына сәйкес ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды тәртібі, егер Кодекстің 33-тармағына сәйкес олардың ортақ бірлескен меншігі болып табылады. Некеде жиналған мүлік ортақ болып табылады, алайда ерлі-зайыптылардың әрқайсысы жеке мүлікке ие болуы мүмкін.

Ортақ мүлік үлестердің бөлінбейтінін болжайды. Ортақ мүліктен жекенің айырмашылығы оның бір адамға толығымен тиістілігімен ерекшеленеді және сәйкесінше некені бұзуда бөліне алмайды.

 «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 18-бабыга сәйкес жалпы мүлікті бөлуге қатысты даулар сот тәртібінде қаралады.

 Мүлікті бөлуге өтініш жауапкердің (яғни, мүліктік талаптар қойылатын ерлі-зайыптының бірінің) тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі. Мүлікті бөлуге сотқа өтінішті тікелей ажырасқанда және ажырасу тіркелгеннен кейін беруге болады. Некені бұзуға өтінішті бергенде ерлі-зайыптылар мүліктік шағымдарды болуын немесе жоқтығын көрсетеді. Мүлікті бөлуге өтінішті өтінішпен бірге, сонымен қатар қолыңызда некені бұзу туралы куәлік болғанда да беруге болады, бастысы ұзаққа созбау керек, себебі талап ету мерзімі шектеулі - атап айтқанда 3 жыл, осы уақыт ішінде мүлікті бөлуге сіздің талабыңызды сот қарайды. Демек, ажырасқанда сіз еріңізге/зайыбыңызға мүліктік талаптар қоймасаңыз, бірақ соңынан өз пікіріңізді өзгертсеңіз, бастысы некені бұзған сәттен бастап 3 жылдан кешіктірмей өтініш беру керек. Және де керекті мәлімет сотқа мүлікті бөлуге талапты беруге қажетті құжаттар

 1. Некеде бірге жинаған және сатып алған, сіз алғыңыз келетін немесе бөлгіңіз келетін мүліктің тізімі. Егер сіз барлық мүлікті бөлуге талап арыз берсеңіз, онда ерлі-зайыптылардың әрқайсының жеке меншігі болып табылатындардың тізімін құрастыру қажет - себебі бұл мүлік бөлуге жатпайды.

 2. Бөлінуге жататын, мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттар. Жылжымайтын мүлік үшін - бұл құқық белгілейтін құжаттар, автокөлік үшін - көлік құралын тіркеу туралы куәлік, тұрмыстық керек-жарақтарға - чектер және түбіртектер, техникаға паспорт және өзгелері. Бұнда егер құжат ерлі-зайыптының екіншісінде болса, онда аталмыш фактіні сот процесте талап ете алатындай, өтініште көрсету қажет.

 3. Бөлу үшін мүліктің құнын растайтын құжаттар. Бұл чектер және бағалық анықтамалар, лицензиясы бар бағалаушының есебі. Егер ерлі-зайыптылардың бірі бағамен келіспесе, онда сот тәуелсіз сараптаманы тағайындай алады.

 4. Егер сіз өтініш берсеңіз қандай мүлікті қалай бөлгіңіз келетіні туралы нақты білуіңіз керек яғни сот қарастыратын нұсқа - өзіңізге не қалдырғыңыз келеді, ақшалай эквивалентте не қабылдай аласыз, ал қандай соманы бұрынғы зайыбыңызға төлей аласыз. Сот нұсқаларды қарайды және екі тараптың мүдделерін ескерумен оңтайлысын таңдайды.

 5. Мүлікті бөлу туралы талапты қарау үшін мемлекеттік баж алымды төлеу чегі (соттардағы мемлекеттік баж алым мөлшерлемелерінің мөлшерін білу). Бұл жағдайда баж алымының мөлшері талап сомасынан 1% құрайды.

 6. Некені бұзу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі (жоғалған немесе бүлінген жағдайда некені бұзуды тіркеуге өтініш беру немесе некені бұзу туралы қайтадан куәлік алу).

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: