Қаралып біткен азаматтық істерге атқару парағын жасау және жіберу ерекшеліктері
Қаралып біткен азаматтық істерге атқару парағын жасау және жіберу ерекшеліктері
ҚР АПК-нің 21 бабына сәйкес, заңды күшіне енген сот актілері орындалуға жататындығы белгілі.
Бірінші сатыдағы соттың шешімі, егер оған шағым жасалмаса немесе наразылық білдірілмесе, оған апелляциялық шағым жасау, наразылық білдіру мерзімі өткеннен кейін заңды күшіне енеді.Соттың дереу орындалуға тиісті шешімі бойынша атқару парағы шешім шығарылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей жазылып беріледі және орындауға жіберіледі.
Сот жүйесінде атқару парағын жазу және жіберу «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. «Төрелік» ақпараттық жүйесінің бір ерекшелігі көп уақыт үнемдеп, Әділет министрлігінің жеке және заңды тұлғаларының деректер қорынынан іске керекті мәлімет алу болып ерекшеленеді. Деректер қорынан азаматтардың және заңды тұлғалардың жеке дерекетері мен тіркелген мекен-жайлары туралы көптеген мәлімет алуға болады. Сот мәжілісінің хатшылары азаматтық істерді сот кеңсесінің атқару парағын жазу маманына тапсырады, заңды күшіне енгеннен кейін3 күн кешіктірмей атқару парағы жазылуы тиіс.
Бірінші сатыдағы соттың шешімінің орындалуынын бір ерекшелігі жеке сот орындаушыларға атқару парағы электронды түрде және АІЖО ААЖ арқылы кетеді. Сот шешіміне жазылған атқару парағы арыз берушінің немесе оның өкіліне қолма-қол одан қолхат алу арқылы беріледі. Сот актілері мен атқару парақтарынын бақылау алгоритм есебіне тіркеліп отырады.Атқару құжаты судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылатын электрондыатқару құжаты нысанында жазылып берілуі мүмкін.Атқару құжатының нысанын атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті әділет органы бекітеді.
Соттың әрбір шешімі бойынша бір атқару құжаты беріледі. Атқару құжаты өндіріп алушығаберіледі не оның арызы бойынша сот аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушысына орындау үшін жібереді.
Өндіріп алушының өтініші бойынша ортақ жауапкерлерден ақшалай сомаларды өндіріп алу туралы соттың шешімі немесе үкімі негізінде ортақ жауапкерлердің санына сәйкес келетін бірнеше атқару парағы берілуге тиіс.
Әрбір атқару парағында өндіріп алынатын жалпы сомма, барлық жауапкерлер және олардың ортақ жауаптылығы көрсетілуге тиіс.
Оған қоса, Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жүргізу Кодексінің(ары қарай (АІЖК) 139-140 баптарына сәйкес, сот бұйрығының негізінде берешекті өндіріп алуға болады. Сот бұйрығы арқылы жалақы және алимент т.б. өндіріп алу тараптарға, соның ішінде өндіріп алушыға өте тиімді.Азаматтардың азаматтық бұзылған құқықтарын сот арқылы қорғау мысалға:төленбеген жалақы мен алимент, сомма өңдіріп алу, өзге де төлемдерді алу туралы талап арызда мәлімделген болса және растайтын құжаттар тіркелсе, сот борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, сот бұйрығын өтініш түскен күннен бастап үш күн ішінде шығарады.Сот бұйрығы атқару парағы сияқты заңды күші бар.
Қазақстан Республикасында азаматтық құқықтық қатынасын реттейтін заң барлығына ортақ, сондықтан сот шешімін арыз беруші жағына шығарылса, оның орындалуы жауапкерге жүктелген міндет деп есептеймін.
Астана қаласы
Алматы аудандық
сотының бас маманы Б.А.Абдикаримова