«2020 - Сапалы коммуникация жылы»
«2020 - Сапалы коммуникация жылы»
Барлықтарыңызға мәлім болар, өткен апта 2019 жылдың қорытындысы бойынша республика судьяларының кеңейтілген кеңесі өтті.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясы нәтижесінде Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асанов биылғы жылды «сапалы коммуникация жылы» деп жариялады.
Ал, былтырғы жылды «Сот төрелігінің сапасы жылы» деп жариялаған еді.
Жақып Қажыманұлы «Қоғамда сотқа деген сенім деңгейін арттыру біздің ең басты міндетіміз, кадрлардың сапасы артпайынша, сот актісінің сапасы артпайды, ал сот актілерінің сапасы артпайынша, азаматтардың құқығы сотта дұрыс қорғалмайды» деген қағидаттарды ескере отырып, «Сапалы коммуникация жылы»,- деп жариялады.
Мұндағы мақсат қоғамдағы заманауи коммуникациялық арналардың барлығын қолдану.
Іс-шараларды жүзеге асыру барысында, қандай жоспарлармен өзгерістер күтілуде?
Баршамыз әу бастан, байланыстың негізгі арнасы әрдайым, бұқаралық ақпараттық қызметі деп, машықтанып қалған екенбіз. Бәріміз газет-журнал, кезекті баспа немесе теледидармен радиодан құлақдар болатынбыз.
Әрине, қоғамдық пікірді дұрыс бағытқа бұрмалай алатын журналистер, талдаушылар мен тік сарапшыларыда баршылық.
Коммуникацияның дамуымен қатар, айналада көптеген өзгерістер орасан зор орын алды. Ең алдымен, бірнеше мәселеге тоқталғым келеді.
Мәселен, әлеуметтік медиа жаңа деңгейге көшті. Бірнеше жылдар бұрын, біз жекеленген тапсырмалар бойынша көбірек алға тартып - белгілі бір платформаларда болу керектігін басым тұттық. Ал, жекелеген санаттарда - біз Facebook-те болуымыз керек, қосымша бағдарлама жасауымыз керек... деген ұғымда жүрдік. Бүгінгі таңда «digital» сандық әлемнің экожүйесі, өз шекараларын барынша кеңейтті.
Әлеуметтік желілер «digital»-дың ажырамас бөлігіне айналды, енді келесі қадамға - идеяны іске асырмас бұрын бәрін алдын-ала жоспарлаудың уақыты келді. Бізге бір реттік идеялар қажет емес, бізге осы кеңістік ішінде даму және жүйелі қозғалыс қажет!
Біздің мемлекеттік органдарының баспасөз қызметтері түбегейлі өзгерістерге ұшырап, дәстүрлі қарым-қатынас коммуникациясына орын табылады деп сенгім келеді.
Мақсатымыз- қайда бағыттанғанымыз, реформалардың мақсаты не екенін түсіндіру, кері байланыс орнату, халықты тыңдау, байланысты одан әрмен жақсарту, аралық нәтижелерді талдап, қорытындысын шығару!
Тағы қандай қызмет?
Осы және басқа да жаңалықтармен сіздерді толықтай таныстыру мақсатында, біз әлеуметтік желілерде және ресми сайтымызда ақпараттық сүйемелдемелерімізді үздіксіз жариялаудамыз. Бізбен бірге болыңыздар!
Біздің ресми парақшаларымыз: Facebook «almaty oblystyq soty», Instagram «alm.obl.sud.», Telegram «Almaty oblystyq soty», Youtube «Almaty Oblystyq Soty» желілерінде.
Алматы облыстық сотының баспа сөз қызметі басшысы С.Авганов