Лента новостей
0

Процессуалдық келісім

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.05.2020 18:35 Фото: zakon.kz

Процессуалдық келісім

 

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығымен бекітілген 2010 және 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясаты тұжырымдамасының 2.9. тармағында қылмыстық іс жүргізу құқығын жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі ретінде процессуалдық келісім институтын заңнамалық дамыту қарсытырылған болатын.

Осының негізінде 2014 жылдың 3 шілдесінде қабылданып, 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық - процессуалдық кодексіне (әрі қарай ҚПК) «процессуалдық келісім» немесе келісім (сделка) ұғымы енгізілді.

Аталған ҚПК-тің 63-64 тараулары процестік келісімнің түрлерін, олардың жасалу шарттарын, салдарын және қолдану тәртібін қамтиды.

ҚПК-тің 612 бабына сәйкес жасалған процестік келісім шеңберінде қылмыстық істерді тергеп-тексеру мынадай жағдайда, онша ауыр емес, ауырлығы орташа не ауыр қылмыстар бойынша - күдікті, айыпталушы келтірілген күдікпен, айыптаумен келіскен жағдайда - кінәні мойындау туралы мәміле нысанында; қылмыстық топ жасаған қылмыстарды, өзге де адамдар жасаған аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстарды ашуға және тергеп-тексеруге ықпал ету кезінде барлық санаттағы қылмыстар бойынша ынтымақтастық туралы келісім нысанында жүргізіледі.

Алайда процестік келісімді қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейін психикасының бұзылумен ауырған адамдармен жасауға болмайды.

Сонымен қатар процестік келісім жасасу адамды жәбірленуші және азаматтық талапкер болып танылған адамдардың алдында азаматтық-құқықтық жауаптылықтан босатуға негіз болып табылмайды.

Жоғарыда атап кеткендей процестік келісім онша ауыр емес, ауырлығы орташа не ауыр қылмыстар бойынша - күдікті, айыпталушы келтірілген күдікпен, айыптаумен келіскен жағдайда - кінәні мойындау туралы мәміле нысанында жасалады.

ҚПК-тің 613-бабына сәйкес кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісімдер: күдікті, айыпталушы процестік келісім жасасуға ерікті түрде ниет білдірген; күдікті, айыпталушы келтірілген күдікке, айыптауға және іс бойынша қылмысты жасағанына қолда бар дәлелдемелерге, өзі келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне дауласпаған; жәбірленуші іске қатысқан жағдайда, ол процестік келісім жасасуға келіскен кезде жасалуы мүмкін.

Мұнда айта кететін бір жәйт кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалған жағдайда осы келісім жасасуға келісім берген жәбірленуші залалды өтеу мөлшері туралы талапты одан әрі өзгерту құқығынан айырылады. Яғни келісім жасалар алдында жәбірленушінің залалды өтеу құнын нақты анықтап алғаны жөн.

Күдіктінің, айыпталушының сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін процестік келісімнен бас тартуға құқығы бар.

Процестік келісім қылмыстық топ жасаған қылмыстарды, өзге де адамдар жасаған аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстарды ашуға және тергеп-тексеруге ықпал ету кезінде барлық санаттағы қылмыстар бойынша ынтымақтастық туралы келісім нысанында жүргізіледі

ҚПК-тің 618-бабына сәйкес күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен ынтымақтастық туралы процестік келісімді тиісінше Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, облыстың прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор, олардың орынбасарлары, ал сотталған адаммен - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры не оның орынбасары бекітеді.

 Ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап және үкімді орындау сатысын қоса алғанға дейін мәлімделуі мүмкін. Бұл келісім жасаған және оның шарттарын орындаған сотталған тұлғаға қатысты оның өтелмеген жаза мерзімін қысқарту туралы өтінішхатпен прокурор сотқа жүгінеді. Ынтымақтастық труал процестік келісім екі тарап үшін де пайдалы. Кінәлі тұлға ынтымақтастық келісім арқылы жазасын жеңілдете алатын болса, қылмыстық қудалау органы созылмалы жасырын қылмыстарды анықтап, оны аша алады.

 Жалпы, ҚПК-тің 624- бабына сәйкес келісімдік іс жүргізу кезіндегі сот отырысына прокурор, сотталушы және оның қорғаушысы қатысады. Жәбірленуші, азаматтық талапкер және олардың өкілдері сот отырысына шақырылмайды.

Сонымен қатар, сот тергеуі, судьямен сот жарыссөзі жүргізілместен, сотталушыға соңғы сөз берілместен жүзеге асырылады және он тәулікке дейінгі мерзімде қаралып, екрекше жағдайда ғана судьяның уәжді қаулысымен жиырма тәулікке дейін ұзартылады.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, қорыта келе процессуалдық келісім азаматтардың құқықтық санасының, заңгерлік сауаттылығының артуына, қылмыстардың жылдам және толық ашылуына себтігін тигізеді деп ойлаймын.

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы С.Камарова

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: