Covid-19 вирустансақтанайық!
Covid-19 вирустансақтанайық!
Қәзіргі таңда әлемді жаулап алған індет Covid-19 әлем жұртшылығын қатты алаңдатып отырған ең басты індет - «коронавирус».2019 жылғыжелтоқсанайындапайдаболып, бүгіндедүниежүзіндүрліктіріптұрғанкоронавирустыңресмиатауы- Covid-2019. Індет Қазақстанғада жеткен соң, елде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, 2020 жылы 15 наурыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында коронавируске байланысты төтенше жағдай енгізді.
Бүкіл әлем ғалымдары мен дәрігерлері бұл вирусқа дүние жүзі болып қарсы тұру керек екенін мәлімдеп отыр. Сондықтан аса қатерлі әрі жұқпалы дертке адамзат болып қарсы тұруымыз қажет.
Covid-19 - жұқпалы жолмен тарайтын коронавирустың жаңа түрі. Індет ошағы - Қытайдың Ухань қаласынан басталды. Коронавирустың негізгі белгілері респираторлық ауруларға ұқсайды: дене қызуының көтерілуі;шаршау;құрғақ жөтел. Кейде ауру симптомдары білінбейді. Дене қызуы көтеріліп, жөтел мен тыныс алу қиындағанда дереу медицина көмегіне жүгіну қажет. ДДСҰмәліметінше, вирусты жұқтырған науқастардың 8О пайызы жазылуда.
Аталған Коронавирустан қалай қорғану қажет?
Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:
· Қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
· Қолға арналғанспирттік антисептиктерді қолдану;
· Көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
· Науқас адамдармен байланысқа түспеу;
· Салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.
2020 жылы 11 мамыр күні бүкіл ел аумағында төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей тұрғандықтан, карантин шектеулері сақталып қалды. Карантин режимі жеңілдегеннен кейін көшеде адамдар өте көп, әсіресе бетпердесіз жүргендер аз емес. Осының бәрі инфекцияның ұшығуына, тез арада таралуына жол беріліп, қайта қауіп төндіруі мүмкін екенін адамдар түсініп, өз жақындарын, өзі қызмет ететін ұжымын және өзін қорғап, карантин режимін сақтанса екен дегім келеді. Бүгінгі деректер бойынша елімізде жұқтырғандар саны 9576, жазылғандар 4768, қайтыс болғандар саны 37.
Қарағанды облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының
кеңсе меңгерушісі
Г. Каснай