Лента новостей
0

Сот үкімдері бойынша ақша өндіру бөлігін орындау ерекшіліктері

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.06.2020 21:44 Фото: zakon.kz

Сот үкімдері бойынша ақша өндіру бөлігін орындау ерекшіліктері

 

Сот үкімі - қылмыстық іс бойынша бүкіл іс жүргізудің қорытындысы шығарылатын құқық қолданудың аса маңызды актісі болып табылады.

Үкім жарияланғаннан кейін - бес тәуліктен кешіктірмей, ал көлемі үлкен болған кезде он бес тәуліктен кешіктірмей оның көшірмесі сотталған адамға немесе ақталған адамға, қорғаушы мен айыптаушыға табыс етіледі. Үкім жария етілген күннен бастап он бес тәулік ішінде апелляциялық шағымдар беріледі, прокурордың өтінішхаттары келтіріледі, ал күзетпен ұсталатын сотталған адам оларды өзіне үкімнің көшірмесі табыс етілген күннен бастап дәл сондай мерзімде бере алады. Сот үкіміне шағым келтірілген жағдайда, апелляциялық сатыда қарауға жолданады. Егер, тараптардан шағым түспеген жағдайда, бірінші сатыдағы сот, үкімнің заңды күшіне енген күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей үкімді орындауға, ал, шағым бойынша жолданған іс жоғары тұрған соттан қайтарылған уақытта дәл сондай мерзімде енгізіледі.

Сот үкімі бойынша белгіленген төлемдер, жалпы айтқанда, іс бойынша жұмсалған процестік шығындар.

Процестік шығындар ҚР ҚПК-нің 177 бабында көзделген шығыстардан құралады. Көп жағдайда, сот сараптамасы органдарында сараптама жүргізуге жұмсалған, сондай-ақ, заттай дәлелдемелерді сақтауға және жіберуге жұмсалған сомалардан тұрады.

ҚР ҚПК-нің 178 бабына сәйкес, процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені сот қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарған кезде қарайды. Сот аудармашыға төленген сомаларды қоспағанда, процестік шығындарды сотталған адамнан өндіріп алуға құқылы. Процестік шығындар жазадан босатылған сотталған адамға да жүктелуі мүмкін. Процестік шығындар өндіріп алынуға тиіс адам мүліктік жағынан дәрменсіз болған жағдайда, олар мемлекет есебіне қабылданады. Егер процестік шығындарды төлеу сотталған адамның асырауындағы адамдардың материалдық жағдайына айтарлықтай әсер ететін болса, сот сотталған адамды процестік шығындарды төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы. Іс бойынша бірнеше сотталушыны кінәлі деп тани отырып, сот процестік шығындар олардың әрқайсысынан қандай мөлшерде өндірілуге тиіс екенін белгілейді. Бұл ретте сот сотталған адамның кінәсінің сипатын, оның қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық дәрежесін және мүліктік жағдайын ескереді. Сот кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша процестік шығындарды төлеуді кәмелетке толмаған адамның ата-анасына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға жүктей алады.

Сонымен қатар, жәбірленушінің талап арызы бойынша сотталғаннан материалдық шығын және моральдық залал өндірілуге жатады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы №7 нормативтік қаулысының 7,8 тармақтарына сәйкес ҚР АК-нің 952-бабының талаптары бойынша моральдық зиян ақшалай нысанда өтеледі. Осы ретте сот өтемақы сомасын ақыл-парасаттылық пен әділдік өлшемдерін негізге ала отырып анықтайды. Соттар моральдық зиян өтемақысының мөлшерін анықтаған кезде азаматқа келтірілген жан мен тән азабының ауырлығын, оның субъективтік бағалануын, сондай-ақ осы жағдайларды куәландыратын объективті мәліметтерді, атап айтқанда: өзіндік мүліктік емес игіліктер мен құқықтардың өмірлік маңызын, жәбірленушінің басынан кешірген жан немесе тән азабының дәрежесін, моральдық зиянды өтеу үшін қажет болып табылатын зиян келтірушінің кінәсінің түрін назарға алуы қажет. Ал, материалдық шығын өз кезегінде түбіктертермен расталынуы тиіс. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі «Республика соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» № 9 Нормативтік қаулысының 12 тармағына сай соттар өтелуге тиіс жерлеу шығындарына жерлеуге тікелей қатысы бар қажетті шығындар (табыт жасауға, өлген адам үшін киім, венок сатып алуға, зират қазуға, марқұмды жерлеу орнына жеткізу және т.б. арналған шығындар) ғана жататыны ескеріледі.

Бұдан басқа, 2018 жылдың 1 шілде айынан бастап қолданылқа енгізілген «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 131-VI Заңының ережелері негізінде ҚР ҚК-нің 98-1, 98-2 баптарына сәйкес жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамнан белгіленген тіркелген ақшалай сома түріндегі мәжбүрлі төлемді сот ауыр қылмыстар үшін - жиырма айлық есептік көрсеткіш, ал, аса ауыр қылмыстар үшін - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алады. Жалпы, жәбірленушілерге өтемақы қоры дегеніміз - Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген тәртіппен ақша түсімдерін есепке жатқызу және жәбірленушілерге өтемақы төлемін жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты.

Заңды күшіне енген сот үкімдері бойынша ақша өндіру бөлігінде атқару парақтары «Төрелік» бағдарламасы арқылы жеке сот орындаушыларына жолданады. Ескере кететін жәйт, атқару парақтарын орындауға жолдауда сотталғанның тіркеуде тұрған жеріне мән берген жөн, яғни, тіркеудегі тұрғылықты жері бойынша жолдау міндетті. Орындауға жолдау барысында «Төрелік» бағдарламасы арқылы бөліктерді дұрыс толтыру өте маңызды. Атап айтқанда, азаматтық талап бөлігінде өндірілуге жататын төлемдер «сот үкімі бойынша» деген, қалған бөліктегі төлемдер «АЕК-тен төмен (дейін) немесе АЕК-тен жоғары» деген талабына сәйкес болуы қажет. Тағы да назарларыңызды аудара кететін нәрсе, төлем АЕК-тен төмен болған жағдайда жеке сот орындаушыларының, ал, АЕК-тен жоғары болған жағдайда Әділет департаментінің орындауында болатындығында.

«Төрелік» бағдарламасының тиімді тұсы - атқару парақтарын бақылауда ұстаудың қолжетімділігі. Яғни, жолданған атқару парақтарын «орындаудан бас тарту», «орындауда», «орындаусыз кері қайтарылды», «аяқталды» деген бөліктер арқылы қадағалау мүмкіншілігінде. Орындаудан бас тартылған атқару парағы «Төрелік» бағдарламасы арқылы қайта жолдануға жатады. Ал, орындаусыз кері қайтарылған атқару парақтары жеке сот орындаушысының қаулымен бірге сотталғанның жаза өтеу мекемесіне орындау үшін жолданады. Қандай жағдайда орындаусыз кері қайтарылады? Атқару парақтарын мекемеге жіберудегі мақсат қандай? Егер, сотталғанның тұрғылықты жері бойынша жылжитын және жылжымайтын мүлкінің болмауының анықталуына байланысты іс жүргізу шығынын өндіру бөлігінде атқару парағын орындау мүмкіншілігінің жоқ болуы сотқа орындаусыз қайтаруға кедергі тудырмайды. Бұл жағдайда, сотталған жаза өтеу мекемесінде жұмыспен қамтылған жағдайда сот үкімі бойынша төлемдерді жалақысынан ұстау жұмыстары жүргізіледі.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ауыр қылмыстар қаралатындығы және сотталғандарға ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатындығы баршаңызға мәлім. Демек, олардан өндірілуге жататын шығындар көп жағдайда тек жаза өтеу мекемесі арқылы орындалады.

Үкім барлық мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың бәріне бірдей міндетті және бұлжытпай орындауға жатады. Бұл дегеніміз, сот тарапынан сот үкімі негізінде белгіленген төлемдер бойынша әр тоқсан сайын міндетті түрде ескертпе хаттар жазу, яғни, үкімнің толыққанды немесе ішінара орындалу барысын әрдайым қатаң бақылауда ұстау - біздегі басты міндеттің бірі десек, артық болмас!

 

 

Ақтөбе облысының қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының

бас маман - сот мәжілісінің хатшысы Ә.Ж.Ахмет

 

 

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: