Ақтөбеде жол-патрульдік полиция қызметкері табельдік тапаншадан жарақат алып, қаза тапты
Zakon.kz
Оқыс оқиға бүгін жергілікті уақытпен таңғы сағат 8-дер шамасында полиция бөлімі ғимаратында болған.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Ардагер Уайдиннің сөзінше, "оқиғаның қалай болғанын тергеу шаралары анықтайды". Сондай-ақ дереу қызметтік тексеріс тағайындалғанын жеткізді, -деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Әзірге белгілісі, оқыс оқиға полиция бөлімінің қару-жарақ қабылдау бөлмесінде болған. Кеудесінен жарақаттанған тәртіп сақшысы облыстық медициналық жедел жәрдем аурханасына жеткізілген. Алайда бір сағаттан соң көз жұмған. Орын алған қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Аталған қызметкер 2008 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет атқарған. Арнайы шені - полиция аға лейтенанты, 34 жаста болған.
Мансұр Есхожин
Фотосурет : www.oskemen.info
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript