Алматыда қабірді тонаған қаскөйлер ұсталды
Zakon.kz
Бір топ жігіт "Кеңсай" бейітіндегі қымбат тастарды сындырып, алып кетпек болған.
Ескерткіш тақтаны арқан жіп арқылы машинамен құлатып, мыстан құйылған мүсінді алып жатқан жерінде қолға түсті. Полицейлер екеуін ұстады, қашып кеткен өзгелері қазір іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Алматы арнасы, қалалық ІІД сілтеме жасап.
Олардың бұған дейін осындай әрекетке барғаны анықталып отыр. Белгілі болғаны ұсталған 27 жастағы жігіт сол зиратта жұмыс істеп келген. Енді олар вандализмге барғаны үшін жауапқа тартылмақ.
"Егде жастағы адамның бейітінде орналасқан бюсті құлатқан. Бірақ жоспарлаған қылмыстары іске асқан жоқ. Жедел уәкілдер оларды дер кезінде тоқтатты",- деді Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.
Фото: www.almaty.tv
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript