Шымкентте мектеп оқушысынан қару табылды
Zakon.kz
Шымкеттегі №9 лицей-мектебінің оқушысы қару асынып жүрген жерінен ұсталды. Оны мектеп инспекторы байқаған.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс былтырмен салыстырғанда өскен. 2015 жылы 6 қылмыс тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 17-ге жетіп отыр, деп хабарлайды otyrar.kz, Оңтүстік облысы ІІД баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйеніп.
Соның бірі —Шымкеттегі №9 лицей-мектебінің оқушысы қару асынып жүрген жерінен ұсталды. Оны мектеп инспеторы байқаған. Оқушыдан ОСА маркалы травматикалық қару тәркіленіп алынды. Қарудың оқтары да бар.
Дереу мектепке оқушының ата-анасы шақыртылып, одан кейін жергілікті полиция бөлімге әкететін болып шешілді. Әзірге таңда жеткіншектің не себептен мектепке қару алып келгені белгісіз. Сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстары жүруде.
Ернар Балабеков
Фото:www.rg.ru
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript