Павлодарда Ломов көшесінде джип көлігінің жүргізушісі әйел адамды қағып кетті
Zakon.kz
Егер де адамның денсаулығына ауыр зиян келтірілсе, ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталады.
Ломов көшесі бойындағы бұрынғы «Эльдорадо» дүкенінің алдындағы жаяу жүргінші өтетін жолда "Митсубиси Паджеро" автокөлігі 1949 жылы туған әйелді қағып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Қазіргі уақытта зардап шеккен әйел қалалық №1 аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Облыстық ІІД-нің дерегіне сүйенсек, жол көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіледі. Егер де адамның денсаулығына ауыр зиян келтірілсе, ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталады.
Назым Қарабаева
Фото:pavlodarnews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript